Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет178/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
207 
ғылымда алғашқы болып, жануарлардың сыртқы әсерге жасайтын ішкі 
реакциясының механизмін ашты. Оның ойынша, сыртқы әсерді миға жеткізетін - 
артериялар ішінде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектері. Әрине, бүгінгі физиология 
ғылымының тұрғысынан мұндай пікірді тұрпайы деп бағалауға болар еді. Бірақ 
шартсыз рефлекстің алғашқы болжамын жасаған Р.Декарт екені сөзсіз. Сонымен егер 
жануарлардың жан дүниесі болмаса, онда олар өте күрделі машиналар. 
Адам дене ретінде жануар әлеміне жақын, сонда ол да машина ма? деген сұрақ 
заңды түрде ойға келеді. Оған Р.Декарт үзілді-кесілді теріс жауап береді. Біріншіден, 
адам мақсатқа лайықты іс-әрекет жасай алады. Ол қандай да болсын сырттағы 
қалыптасқан ахуалға үйлесімді жауап бере алады, өйткені ол ақыл-ой елегінен 
барлығын өткізіп, шешімін табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесі - жан-жақты құрал», 
- дейді Р.Декарт. Адамның екінші ерекшелігі - ол сөйлей алатын пенде. Олай болса, 
адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы - оның рухында. 
Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі 
Өзінің философиясының мықты негіздерін жасау үшін Р.Декарт «бәріне де 
күмәндану керек» деген шешімге келеді. Осы тұрғыдан сезімдік танымға келсек, ол 
көбіне бізге дүние жөнінде жалған пікір тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан 
қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрінеді. Суға салынған таяқ сынған сияқты, 
күн кішкентай және жылы зат сияқты көрінеді. Кейбір кезде көзбен көргенді 
ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де 
күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, біздің жан-дүниеміз толығынан күмәнға 
толады, онда бірде-бір күмәнданбайтын ақиқат қалмайды... 
Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзінің шашынан ұстап, өзін 
судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы 
күмәндану дейді өйткені барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып 
отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет