Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет186/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
215 
әртүрлі болжамдар бар. Т.Гоббстың жасаған «конвенционалдык» (шарттық) 
тұжырымы, әрине, бұл мәселенің Мәнді бір жағын ғана көрсетеді. Осы тұрғыдан 
алғанда, кайсыбір Мемлекетті шарттык негізде өмір сүреді деп әбден айтуға болады. 
Біздің жас мемлекет те өзінің екінші «Ата заңын» (Конституциясын) 1995 ж. 
Бүкілхалықтық референдумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзін белгілі шарт деп 
айтуға, әрине, болады. 
§ 4. Б.Спиноза философиясы 
Барух Спиноза (1632-1677 жж.) Амстердам каласында еврей отбасында дүниеге 
келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оны әкесі саудаға тартып, ол оку 
орнын бітіре алмай калады. Сондықтан ол өз білімін дербес өзіндік дайындық 
арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны жергілікті еврей қауымы өз 
қатарынын шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшін 
өмір бойы көзілдірік шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жаска 
келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмірден ерте кетеді. 
Негізгі еңбектері: «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат», «Этика», «Саяси 
трактат» т.с.с. 
Онтологиялық мәселелер. Құдай-Субстанция-Табиғат 
Спиноза болмыстың ең соңғы себебі Құдайда деп есептейді. «Құдай... барлық 
заттардың бірінші себебі және өз-өзінің себебі, өз-өзі арқылы танылады». Ол Құдайдың 
болмысын дәлелдеу үшін онтологиялық дәлелдемелер келтіреді. Бірақ ол Құдайға 
пантеистік мағына береді, яғни оны бізді қоршаған табиғатқа теңейді. Олай болса, 
Құдай табиғаттан тыс мәңгілік өмір сүріп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана 
зерде (intelligere) арқылы ғана түсінуге болады. 
Мұндай көзқарас сол кездегі Құдай жөніндегі деистік пікірлерге қарсы болды. 
Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе, Б.Спиноза ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет