Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет181/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
210 
Қорыта келе, Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген 
көзқарастардың дамуына зор әсерін тигізгенін атап өтеміз. Сонымен қатар 
философияда әртүрлі қайшылықтар етек алып, әртүрлі бағыттардың арасындағы 
күрестер күшейе түседі. Солардың ішінде Ф.Бэконның философиясын әрі карай 
дамытып, сонымен қатар Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшылдардың 
ішінде әсіресе Т.Гоббсты атап өтуге болады. 
§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары 
Томас Гоббс (1588-1679 жж.) – ағылшын философы, Оксфорд университетінде 
оқып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Азамат жөнінде», «Левиафан, я Материя, 
шіркеу мен азаматтык мемлекеттің билігі мен бітімі» т. с.с. 
Жаңа дәуірдегі алғашқы философтармен салыстырғанда, Т.Гоббс философия 
пәнін ақыл-ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберінен үзілді-кесілді 
теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дінді, Құдайға сенуді қарапайым 
халыққа керек нәрсе деп есептеді, әсіресе ол оның моральдық жетілуінің тірегін 
құрайды. 
Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсак, ол Дүниені бүкіл 
өмірде болып жатқан барлық денелердің жиынтығы ретінде қарайды. Олардан басқа 
еш нәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмір сүріп жатқан дененің өзі - сол 
субстанция. Ал дененің созылуы мен бітімі оның негізгі қасиеттеріне 
(акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп 
денелердің касиеттері, бірақ қозғалмайтын денелер де болуы мүмкін. Ал заттардың 
иісі, түсі, дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып, келесі сәтте-ақ жоғалып 
жатады. Олар көбіне заттардан гөрі соларды қабылдайтын адамдардың түйсігіне 
байланысты. 
Т.Гоббстың ойынша, қайсыбір субстанция нақтылы болғаннан кейін, абстрактілік 
субстанцияны мойындауға болмайды, ол нәтижесіз. Материя деген ұғым - ол тек қана 
бүкіл дүниедегі заттарға қойылған ат қана. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет