Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет184/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
213 
құндылықтардың негізінде мүддеден шығатын пайдалық жатыр. Жақсылық пен 
жамандык, игілік пен залымдық дегендеріміз не? деген сұраққа «жаксылық, игілік» 
деген сөздермен бізге ұнайтын, пайдасы бар нәрселерді айтамыз, ал залымдық деп 
оған қарама-қарсы жатқан нәрселерді көрсетеміз», -деп жауап береді. Мұндай мораль 
саласындағы көзқарасты біз утилитаризм дейміз (utilitas - латын сөзі, пайда). 
Әрине, адам мәселесін талдағанда, еріктік мәселесін аттап өте алмаймыз. Т.Гоббс 
ерік тек қана адамның ахуалынан ғана шығып коятын құбылыс емес деген тұжырымға 
келеді. Еріктік дегеніміз -барлық дүниедегі нәрселерге тән. Мысалы, ыдыс сынса, 
ішіндегі су еріктік алады. 
Дегенмен адамның еріктігі өте киын шаруа, өйткені ол жалғыз емес, өмір 
жолында мыңдаған басқа адамдармен қарым-қатынаска түседі. Сондыктан, бір 
жағынан, ерікті болса, екінші жағынан, қоғамдық кажеттіктен аттап өте алмайды. 
Олай болса, олар бір-бірін толықтырады. «өзендегі судың ағысы ерікті де қажетті, 
өйткені ол арнасынан шығып кете алмайды». Адам да сол сияқты деп қорытады ұлы 
ойшыл. 
Мемлекет пен қоғам мәселелері 
Сонау көне заманнан бері коғам мен мемлекет мәселелеріне келген кезде, 
ойшылдар оны негізінен екі қарама-қарсы тұрғыдан қарады. Біреулер қоғамдық пен 
мемлекеттіліктің басымдылығын (мысалы Аристотель, кеңес заманындағы 
идеология), екіншілер жеке адамның мемлекет пен қоғам алдындағы біріншілігін 
(атомистер, қазіргі өтпелі дәуірдегі кейбір реформаторлар) көрсетті. Т. Гоббсты бұл 
аталған екі бағыттың кайсысына жатқызамыз? Әрине, екінші бағытқа, өйткені ол өзінің 
ілімінде мемлекеттілікті адамның өзімшіл табиғатынан шығарады. Әрбір адам ең 
алдымен өз мүддесін алға қояды, олай болса жалкылық, жекелік - бірінші, ал қоғамдық, 
мемлекеттілік - екінші орында. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет