Нуржігіт Алтынбеков 217
заттардан бөледі, өзіне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат
болмыста өзінің орнын алады, өйткені ол - сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш
зат жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткені басқа жағынан алғанда
анықталмайды.
Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары (қасиеттері) бар.
Олар - созылу (extensio) жэне ойлау (cogitatio). Адам дүниені танығанда, оның осы
қасиеттері арқылы нақтылықка жете алады. Сонымен Р.Декарттың екі субстанциясы
Б.Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады.
Енді субстанцияның осы екі негізгі қасиеттеріне сипаттама берелік. Сонымен
Б.Спиноза заттықтың негізгі қасиетін созылудан, яғни кеңістіктен көрді. Онда
мынандай сұрақ ойымызға келеді: осы айтылған кеңістікте саны шексіз болғанымен,
неше түрлі шектелген заттар қалай пайда болады? Оның негізгі себебін ойшыл
қозғалыс пен тұрақтылықтан көреді, өйткені олардың бір-біріне деген қатынасы мен
нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбір заттың көлемі бар, ол бір
жағынан, тұракты, екінші жағынан, үнемі козғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық
субстанцияның созылу қасиеті мен нақтылы шынайы өмірдегі заттардың арасындағы
дәнекер ретінде каралады.
Субстанцияның келесі атрибуты оның «шексіз ойлау қабілетіне» келер
болсақ, ол - бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкіл дүниені тірі
деп есептейді. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hileo - грек сөзі, зат, zоо - тірі) дейді.
Тек адам ғана емес, сонымен катар барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары
әртурлі деңгейдегі тіршілікте, - дейді ұлы ойшыл.
Гносеология (дүниетаным) мәселелері Таным мәселелеріне келгенде біз Б.Спинозаны рационализм бағытына
жатқызамыз. Ол әркашанда сезімдік танымды ой елегінен өткізген білімнен айыру
керек екендігін басым айтқан. Сезімдік таным әрқашанда бұлдыр, көмескі. Тек ақыл-
ой ғана айқын білім береді. Ғылымдардың ішіндегі ең айқыны - математика.