Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет191/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
220 
дүниелік шытырман қарым-қатынастарға кіреді. Соның ішінде ол ең алдымен өзін 
сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзі оның неше түрлі сезімдері мен іңкәрларын 
тудырады. Оны философ аффектілер (сезім қысымы) дейді. Олардың ішіндегі ең 
негіздігісі - құштарлық (appetitus), ол денені сақтап қалу жолында пайда болады. 
Жан-дүние саласына кіріп, құштарлық іңкәрлікке (cupiditas) айналады. Тағы екі күшті 
сезім - ол қуаныш пен қайғы (laetitia & tristitia). 
Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсап, барлық дұрыс емес 
іс-әрекеттер танымдағы қателіктермен байланысты деп есептеген. Адам өзін 
қоршаған жағдайларды дұрыс түсінсе, онда ол өзінің іс-әрекетінде қателеспейді, 
өзін бақытты сезінеді, бірақ ол басқаларға бақытсыздық болып көрінуі де мүмкін. 
Ойшыл Дүниедегі ең жоғарғы игілік - ол Құдайды танып-біліп, оған деген 
зерделік (интеллектуалдық) махаббат деңгейіне көтерілу дейді. Ал Құдайдың 
субстанция мен табиғатқа тең екенін есімізде сақтасақ, ал адамзаттың рухының сол 
табиғаттың модусы (көрінісі) болса, онда адамның ғылымның қиын да ауыр 
жолына түсіп дүниетануы оның жүрегінде бақыт сезімін тудырып, оны лэззатқа 
жетелейді. 
Әлеуметтік, мораль мәселелері 
Ізгілік пен залымдық, жақсылық пен жамандык, Б.Спинозаның ойынша, 
нақтылы қалыптаскан әлеуметтік ахуалдан шығатын нәрселер. Оған Құдайдың 
ешқандай қатысы жок. Ізгілік, жақсылык дегеніміз - ол адамға пайда әкелетін
ләззатқа жетелейтін нәрселер, ал залымдық, жамандық дегеніміз - ол адамға, оның 
өміріне, алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтіретін, зардаптык сезім 
тудыратынның бәрі. 
Моральдық саланың ең терең себептері адамның «өзін-өзі сактау» заңында 
жатыр. Әрбір адамның өз мүдделері бар, сол үшін олар бір-бірімен күреседі. 
Б.Спинозаның ойынша, адамның өмірі тек коғамның шеңберінде ғана болмақ. 
Әр адамның өз өмірін сактап қалуға деген талпынысы олардың бәрін қоғамға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет