Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет206/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
238 
шарттан бас тартып, жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», - деген Д.Пристлидің ойы оның 
демократияшыл қайраткер екенін көрсетеді. 
Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер 
Антони Шефтсбери (1671-1713 жж.) философия тарихына жазушы-моралист 
ретінде кірді. 
«Адамдардың, әдет-ғұрыптардың, пікірлер мен уақыттың мінездемелері» 
деген еңбегінде ол «әсемдік пен ізгілік - бір», -деген пікір айтады. 
А.Шефтсбери моральдық құндылықтарды адамның ізгі табиғатынан шығарады. 
«әсемдік, әділеттілік, адалдық жөніндегі түсініктер мен принциптер адамның 
табиғатынан шығады, басқа олардың қайнар көзі жоқ», - деп ашық айтады. Бұл мәселе 
бойынша ол Т.Гоббс пен Д.Локқа қарсы шығып, «Ізгілік пайда табу жолында, я 
болмаса марапаттау мен жазалау мүмкіндіктерінен пайда болатын қорқыныш сезімнен 
емес, ол өз-өзін тудырады, ізгілік жолындағы адам өзін бақытты сезінеді. Ізгі адам 
өзінің сана-сезімі, іс-әрекетімен өзі мүше болып отырған элеуметтік топтың
қоғамнын жетілуіне бар күшін салуы керек. 
Ізгілік адамның ішкі табиғатында орын алғаннан кейін, әрине, ол Құдайға сенумен 
тікелей байланысты емес. Керісінше, діннін қағидаларының өзі моральдық сананың 
сынынан өтуі қажет. өйткені, адамзат тарихы діннің көп жағдайда моральдық санаға 
тигізетін теріс ықпалын көрсетеді. 
Кімде-кім ізгілікке Құдайдың мейірбандығы тиюі үшін, я болмаса жамандыққа 
Оның жазалауынан қорқып бармаса, оны моральдык пенде деп атауға болмайды. 
«Ондай адамда адамгершілік, ізгілік, әулиелік шынжырға байлап қойған арыстанның 
момындығынан көп емес», - деп қорытады А.Шефтсбери. 
Алайда бұл келтірілген пікірлер ол Құдайды мойындамаған екен деген пікірге 
әкелмеуі керек. Оның ойынша, «Құдай дегеніміз - әсемдіктің негізгі қағидасы
себебі, қайнар көзі». Оның негізгі рөлі - сондай әсем, тәртіпке келген Ғарышты 
тудырғанында. Осы сыртқы әсемдікке адамның ішкі рухани өмірінің «бақтары мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет