Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


еріктігі жөніндегі философиялык зерттеулер», «Ерікті ойлау жөніндегі қағидалар»



Pdf көрінісі
бет204/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

еріктігі жөніндегі философиялык зерттеулер», «Ерікті ойлау жөніндегі қағидалар» 
т.с.с. 
Өзінің шығармаларында А.Коллинз адамның еріктілігіне қарсы шығып, адам - 
қажеттіліктің пендесі деген пікірге келеді. Адамның идеяларды кабылдауына, яғни 
оның түйсіктері мен дуниетануына келер болсақ, олардың бәрі де сыртқы дүниеге, 
солардың бізге тигізетін әсеріне байланысты, біз олардан ерікті емеспіз. Сондай-ақ, 
адамның ойлау қабілетін алар болсақ, ақиқатқа жету де сол қаралып жатқан біздің 
ойымыздағы заттардың табиғатына байланысты. Ал адамның ынтык болып 
тілейтінінің өзі де оның қажеттіліктерімен байланысты, ал оларды да ол сыртқы 
Дүниеден табады. 
Ал біз іс-әрекет жасауға кіріссек, ол іс те сыртқы бір кедергі кездескен кезде заңды 
түрде тоқтап қалады т.с.с. 
Сонымен А.Коллинз қажеттілікті асыра көрсетіп, адамның еріктігін жокқа 
шығаруға тырысады. 
Ал өзінің болмысқа деген көзкарасында А.Коллинз деистік бағытта болды, 
Дүниенің алғашқы рухани себебі бар деген пікірге келді. Осы тұрғыдан алғанда, 


Нуржігіт Алтынбеков 
236 
Дүниедегі қажеттілік - ол Құдайдың алдын ала бәрін болжауы. 
Сонымен қажеттіліктен еріктік тумаса да, А.Коллинздің ойынша, еріктіктін 
«екінші түрі» бар. Адам өзіне қалай ұнаса, солай іс-әрекет жасай алады. Адам ерікті 
түрде Дүние, коғам жөнінде ойлай алады. Әрине, ең соңында, біздің іс-әрекетіміз де, 
ой-өрісіміз де заттың өзіндік табиғатымен анықталады. 
Бірақ адамның ерікті ойынан жақсы еш нәрсе жоқ. Нағыз акиқатқа бізді 
жеткізетін кұрал - ол ерікті ой-өріс. Ақыл-ой аркылы тек қана табиғатты зерттеп 
қоймай, діннің қағидаларын да сынға алу керек. Өйткені ұзақ ғасырлар бойы діни 
қызметкерлер діннің негізгі мәселелері жөнінде ортақ пікір таба алмай, дауласып 
келеді. 
Мысалы, Құдай дене ме, жоқ па? Адамға ұқсай ма, әлде жок па? Ол ашуланып, я 
болмаса қуана ала ма? Ол кекшіл ме, иә тек ізгілікті жақтай ма? т.с.с. 
- Біреулер киелі кітап деп Библияны есептесе, екіншілер Құранды, үшіншілер 
Авестаны т.с.с. санайды. Христиан дінінің үштігі, қайта тірілу, о дүниедегі жұмак пен 
тозак, алғашқы күнә сияқты мәселелер бойынша осы уакытқа дейін дұрыс түсінік 
жок, - деп корытады А.Коллинз. 
Сондыктан әр адам өзінше ерікті ойлау керек, сонда ғана діндегі неше түрлі 
бұрмалаулардан кұтылуға болады. 
А.Коллинз дін саласында төзімшілдік керек екенін баса айтып, қайсыбір діни 
фанатизмге қарсы шығады. «Көне және қазіргі тарихтағы болған қандай оқиғаларды 
діни фанатизмнің қатыгездігімен салыстыруға болады? Дінге бола қаншама қан төгіліп, 
елдер дағдырап қалды? Бұл А.Коллинздің уақытында койған сұрақтары бүгінгі таңдағы 
адамзатқа да өзекті мәселе емес пе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет