Нуржігіт Алтынбеков
233
VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
XVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға
Ағарту философиясы
деген атақ берілді. Біріншіден, олар діннен аулақ,
ғылымға жақын, ағарған білімді,
болмыс жөнінде айқын, түсінікті философиялық қағидалар тудырғысы келеді.
Екіншіден, олар халықты надандықтың кұрсауынан шығарып, оларға білім беріп,
көздерін ашып, калайша ақыл-ой арқылы бақытты өмір орнатуға болатыны жөнінде
насихат жүргізеді.
Немістің ұлы философы И.Канттың айтуына қарағанда,
Ағарту дегеніміз — ол
адамзат тарихындағы қажетті дәуір — оның негізгі мақсаты — әлеуметтік алға
жылжудағы ақыл-ойдың, зерденің кеңінен пайдалануының керектігі.
Ағарту дәуірін
адамзаттың текті мәнінен шығатын құбылыс ретінде қарап, И.Кант оны ұзаққа
созылатын процесс және соның шеңберінде адамдар
моральдык және білімдік
жағынан жетіліп, қараңғылық пен надандықтан кұтылған ерікті қоғам құрады деп
есептейді.
Марксизм ағымы XVIII ғ. Ағарту философиясын өте биік. бағалап, олардың
тарихи орнын буржуазиялық революцияның рухани негізін жасағандығынан көрді.
Жалпы алғанда,
Ағартушылар ақьіл-ой, зерденің зор мүмкіндігіне сенді. Олар
ақыл-ой, зерде арқылы діни, метафизикалык,
схоластикалық, бұрыннан қалыптасып
қалған ой-өрістен құтылу қажеттігін асыра көрсетті. Олар адамдардың арасындағы
қарым-қатынастарды
залымдықтан құтқарып, мемлекетті басқарудағы зорлық-
зомбылықты жоюды талап етті.
XX ғ. неміс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно «Ағарту диалектикасы»
деген еңбектерінде бүгінгі таңдағы ағарған қоғамда бұрынғыдай залымдықтың
салтанат
құрғанына қарамастан, Ағартушылар кең түрде ойлауды дамыту қажеттігін,
адамдарды қорқыныш,
надандықтан жұлып алып, өздерінің тағдырын өзгертуге
болатындығына сенді.
Ағартушылардың ұраны «Sapere aude!» («Даналыкка ұмтыл!») осы ғасырдағы