Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет225/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
260 
деген ұғыммен береді, ол мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол «феномен» 
деген атпен береді. Оларды біз сезімдік және ақыл-ойдың бітімдері арқылы ретке 
келтіріп, тани аламыз. Ал ноуменді алсақ, ол танылмайды. Біріншіден, өзіндік зат 
жөнінде біз тек кана оның өмір сүріп жатқанын көреміз. Олар біздің түйсіктерімізді 
коздырушы күштер ғана, ал үшінші мағынасы -өзіндік зат тәжірибенің әр жағында 
жатыр. Төртіншіден, оларды таным үрдісінде бірті-бірте жақындай беретін идеалдар, 
неше түрлі рухани құндылықтар ретінде түсінеді. Бүл жағынан алып қарағанда, ол 
сенім аймағына жатады. 
Егер И.Кантқа дейінгі ойшылдар танымның негізі табиғатты байқап карауда 
жатыр деп есептесе, ол дүниетануды адамның белсенді іс-әрекетімен 
байланыстырып, осы жолда адам дүниені өзінің априорлык формалары арқылы ретке 
келтіріп құрады деген пікірге келеді. Философиядағы И.Канттың жасаған 
коперникандық төңкерісі деп біз осыны айтамыз. 
И.Канттың танымдық теориясы түйсіктер арқылы берілетін әртүрлі
құбылыстардан басталады. Оларды белгілі бір ретке келтіретін априорлык
сезімдік аңдау формалары бар. Олар кеңістік пен уақыт. 
И.Канттың ойынша, кеңістік пен уақыт - белгілі бір сапасыз, біртекті және шексіз 
созылымдар. Сезімдік байқаудың таза формалары (трансценденталилер) ретінде олар 
идеалды, ал материалдық тәжірибемен қосылған кезде шынайы болып келеді. Егер 
кеңістік байқаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт априорлық ішкі 
формасына жатады, өйткені уақыт адамға сырттай берілмеген, біз оны тек іштей санау 
арқылы ғана сезіне аламыз. 
И.Канттың ойынша, кеңістік пен уақытты аңдау математика ғылымының қайнар 
көзін құрайды. Егер геометрияның негізінде кеңістік жатса, арифметика мен 
алгебраның негізінде уақыт жатыр, өйткені сандарды есептеу, бірінің соңынан 
екіншісін келтіру уақыт шеңберінде оларды санауды қажет етеді. 
Алайда сезімдік байқау, қайсыбір одан шығатын тәжірибе әрқашанда кездейсоқты, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет