Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет224/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
259 
болуы жөнінде болжам жасайды. Оның ойынша, ғарышта тараған әртүрлі 
материалдык бөлшектер тарту күші арқылы үлкен бұлттарды құрайды, ал оның 
ішіндегі тарту және оған қарсы бағытталған итеру күштері улкен дауылдарды 
тудырып, шарға ұқсайтын ұсақ бөлшектердің үйкелесуінің негізінде қызып жанатын 
объектілер дүниеге келеді. 
Ғарышта бір жұлдыздык жүйелер пайда болып, екіншілері сөніп жатады. 
И.Канттың ойынша, біз өмір сүріп жатқан жер планетасы сияқты ғарышта сан алуан 
объектілер бар. Ал олардың көбі біз сиякты саналы пенделерді тудыруы мүмкін. 
Табиғат, жалпы алғанда, мәңгілік іс-әрекет пен жаңару жолында өмір сүреді, ол өзінің 
бітпейтін кайта құру әрекетін тоқтатпайды. 
Өмірінің «сындық кезеңінде» И.Кант өзінің алдына бірнеше көлемді 
философиялық сұрақтар койып, соларға жауап беруге тырысады. Олар: «Мен нені 
біле аламын?», «Мен не істеуім керек?», «Мен не нәрсеге үміттене аламын?», «Адам 
дегеніміз не және ол өзі не бола алады?». 
И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған «коперникандық төңкерісі» 
«мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап беруінен шығады. Біріншіден, И.Кант 
білімді екіге бөледі. Олар тәжірибелік (апостериорлық) білім және априорлық (яғни 
тәжірибеден бұрын, таза, оны тіпті туа біткен деген мағынада да түсінуге болады, 
өйткені ол тәжірибеге дейін бізге берілген). 
Өзінің практикалық философиясында, яғни моральдық ілімінде, априорлық деп 
дүниедегі барлықты емес, болуға тиіс, керектігін көрсететінді айтады. 
И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиі кездесетін категориялары - ол 
трансцендентальдық және трансценденттік. 
Трансцендентальдық деп И.Кант тәжірибенің алдында және сол тәжірибелік 
танымның мүмкіндігін жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттік деп 
тәжірибелік шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады. 
Келесі екі ұғым - ол «зат өз ішінде», яғни заттың өзіндігі, оны И.Кант «ноумен» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет