Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет226/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
261 
ал білім жалпымағыналық және қажеттік, заңдылық дәрежесіне көтерілуі керек. Оған 
жететін жол - априорлық ақыл-ой формалары, оларды И.Кант категориялар дейді. Ол 
категориялардың қайнар көзін тәжірибеден шығармайды, олар да кеңістік пен уақыт 
сияқты, априорлық табиғатымен сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақыл-
ойдың априорлык категорияларына сан, сапа, қарым-қатынас, модальдық т.с.с. 
жатады. Әңгіменің ғажаптығы - И.Кант осы көрсетілген категорияларды үштік 
арқылы келтіреді. Мысалы, сан категориясын «бірлік», «көптік», «біртұтастық» 
арқылы, сапаны «реалдық» (шынайылық), «терістеу», «шектеу» т.с.с. шығарады. И.Кант 
философия саласында Жаңа дәуірде алғаш рет категориялардьщ таным жолындағы 
аса үлкен рөлін көрсете білді. 
Сонымен категориялар арқылы біз сезімдік аңдаумен алынған дүние жөніндегі 
қабылдауларды қажеттілік, жалпымағыналык Дәрежеге көтереміз. И.Канттың 
айтуына қарағанда, сезімсіз бірде-бір зат бізге берілмеген болар еді, ал ақыл-ойсыз 
бірде-бір нәрсені ойлауға болмас еді. «Ойлау сезімсіз - бос, аңдау ұғымдарсыз -
соқыр». Ал осы адамның екі кабілетін бір-бірімен қоссақ, онда біз толыққанды білім 
дәрежесіне көтеріле аламыз. Оны И.Кант тәжірибе дейді. Сонымен субъект 
категориялар арқылы заңдылык пен тәртіпті құбылыстарға беріп, оны табиғат деген 
атпен береді. Адам - табиғатка заңдылык беруші. Мұндай көзқарасты, әрине, 
субъективті-идеалистік философия деп айтуға әбден болады. 
И.Канттың негізгі бұл саладағы кемшілігі адамның дүниетанымдағы ой 
белсенділігін асыра көрсетуінде. Әрине. таным процесінде адамның шығармашылық іс-
әрекеті үлкен рөл аткарады. Осы шығармашылык іс-әрекеттің негізінде адамзат «екінші» 
тағы табиғатқа карсы тұрған дүниені жасайды. Алайда біз бұл «екінші» табиғаттың тек 
бірінші алғашкы табиғаттың негізінде ғана пайда болатынын естен шығармағанымыз 
жөн. 
И.Канттың таным теориясын әрі карай жалғастырсақ, онда біз оның тәжірибелік 
танымның әрқашанда толык емес екендігі жөніндегі ойын байкаймыз: 
трансценденттік әлемге ақыл-ой жете алмайды. Ал бірақ адамның санасында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет