Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет222/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   692
Рефераттар тақырыбы
1. XVIII Ғ. Ағрту филосифиясының ерекшеліктері 
2. Д.Толанд пен А. Коллинздің деистік көзқарастары. 
3. А.Шефтсберри мен Б.Мандевильдің моральдық философиялары. 
4. Ф.Вольтердің философиялык көзқарастары. 
5. Француз энциклопедияшылары 
6. Ш.Монтескьенің мемлекет билігін бөлу принципі 
7. .Ж.Ж. Руссоның «қоғамдық шарт» тұжырымдамасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Нуржігіт Алтынбеков 
257 
VII тарау. ХУІІІ-ХІХ ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия 
Кіріспе сөз 
Неміс халқының рухы тудырған ХҮІІІ-ХІХ ғғ. философияға уақытында Ф.Энгельс 
«неміс классикалық философиясы» деген ат қойған болатын. Мұның өзінен біз өте 
биік бағаны, деңгейді сезінеміз, өйткені «классика» деп адамзат тарихындағы 
қоғамның қайсыбір саласындағы мәңгі өшпес жетістіктерді айтамыз. Мысалы, қазақ 
халқының рухани өмірінде, өнерінде классикалық орын алатындар - Әл-Фараби
Абай, Құрманғазы, М.Әуезов т.с.с. ғұламалар. Олар тек қана қазақ халқына емес, бүкіл 
адамзат тарихына өзінің өшпес ізін қалдырған тұлғалар. 
Ал неміс классикалық философиясының өкілдеріне келер болсақ, И.Кант, 
Г.Гегель, 
И.Фихте, 
Ф.Шеллинг, Л.Фейербах 
сияқты 
ғұламалардың 
атын, 
шығармашылық еңбектерін бүгінгі барлық елдердегі білімді қауым біледі. 
Әңгіменің қызығы - өз заманының ең биік деңгейіне көтерілген неміс 
философиясы сол кездегі басқа Еуропа елдеріне қарағанда әлеуметтік-экономикалық 
жағдайы анағұрлым артта қалып қойған елде пайда болады. Мұның өзі қоғамның 
материалдық дамуы мен оның рухани деңгейі әрқашанда бір-біріне сәйкес келе 
бермейтінін көрсетеді. 
Сол кездегі неміс елі жүздеген кішігірім мемлекеттерден тұрған болатын. Бүл 
елдердегі әрбір князь, граф, герцог өзін білімді дана елбасы ретінде көрсеткісі келіп, 
ұлы ойшыл, жазушы, суреткер, әуенші т.с.с. адамдарды өздеріне тартып, олардың 
өмірге керек қаражаттарын өз мойындарына алып, шығармашылық еңбекпен 
айналысуға мүмкіншілік жасады. Уақытында Ф.Ницше айтқандай, шығармашылықпен 
айналысуға, біріншіден, бос уақыт, екіншіден, адам күнбе-күнгі материалдық 
мұқтаждықтардан құтылуы қажет. 
Әрине, бұл ойшылдардың көбі өз заманындағы алпауыттарға тәуелді болды. Бірак, 
соған қарамастан, олар өздерінің философиясында, астыртын түрде болса да, сол 
кездегі халықтың аянышты жағдайына қарсы шығып, адам рухани пенде ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет