Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет231/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   692
 


Нуржігіт Алтынбеков 
268 
Құқ және мемлекет мәселелері 
Егер И.Канттың моральдық философиясы адамдардың күнбе-күнгі тәжірибесінен 
аулақ болатын болса, оның құктық көзқарастары, керісінше, нақтылы өмірмен тығыз 
байланысты. Адамдардың табиғи құқтарының негізгі қызметі - тұлғаның моральдық
еркіндігін бекіту, парыздың орындалуына жағдай туғызу. Құқтың өмір сүруінін 
ерекшелігі - ол әртүрлі адамның қарым-қатынастарын әділеттіліктің негізінде ретке 
келтіреді. 
И.Канттың ойынша, адамдардың негізгі табиғи кұқтарына жекеменшікке деген 
құқ жатады, тек ол баска адамдардың бостандығына зияндығын тигізбесе болды. 
Табиғи қүқтың негізгі қағидаларының бірі –jus talions (тен құндық, тіске-тіс, көзге-
көз). 
Ал мемлекет мәселесіне келер болсақ, ол адамдардың заңдардың негізіндегі 
бірігіп қауымдасуы, оның негізінде әділеттілік принципі жатуы қажет. И.Канттың 
ойынша, республикалық басқару жүйесі король билігіне қарағанда жақсы, өйткені 
король даналык пен әділеттілікті ұзақ уақыт бойы сақтай алмай қалады, ұзақ уақыт 
билікті ұстаған адам кажетті түрде зерденін ерікті тұжырымын бұрмалайды. 
Мемлекет аясында қоғамнан ажыратуға болмайтын үш принцип бар. Олар - әр 
адамның еріктілігі, азаматтардың теңдігі және әрбір азаматтың дербестігі. 
Тарих философиясы 
И.Канттың ойынша, халықтардың дамып-жетілуі көп жағдайларда «сол елдердің 
туған жеріне, еңбек салаларына, әдет-ғұртыпына, қолөнері мен саудаға, халықтың 
тығыздығына байланысты». 
Қоғам өмірінде гипотетикалық және категорикалық императивтер бір-бірімен 
қайшылыққа түседі. Адамдар өз табиғаты бойынша тойымсыз, сараң және өлшемсіз, 
билікке, үстемдікке деген құштарлықтарымен мінезделеді. 
Сонымен қатар категорикалык императивтің талаптарына сәйкес, олар өздерінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет