Нуржігіт Алтынбеков 269
жүріс-тұрысын моральдық тұрғыдан ақтағысы келеді. Бір жағынан адамдар бір-
бірінен алшақтап, екінші жағынан бір-біріне жақындайды, өйткені олар неше түрлі
өздерінің қажеттіктерін өтеу жолында бір-бірінен көмек іздеуге мәжбүр болады.
«Адам сондай қисық ағаштан жасалғаннан кейін, оны қанша сүргілесең де, түптүзу
қылу мүмкін емес», - дейді И.Кант. Бірақ, осыған карамастан, жеке адамдар
арасындағы кайшылықтар бүкіл қоғамдық тұрғыдан алып карағанда, тарихты алға
жылжытады. Қоғам әлеуметтік жағынан алға жылжыған сайын, қайшылықтар да өсе
бастайды. Жетілген болашақ қоғамда «оның мүшелеріне орасан зор еріктік
беріледі, олай болса, олардың арасындағы кайшылыктар да өмір сүреді», — деп
қорытады И.Кант.
И.Канттың ойынша, адамзат тарихы бүкіладамзаттың құктық. азаматтык ахуалына
карай дамып келеді, бірақ оған толығынан бұл дүниеде жету мүмкін емес. «Жалпы
алғанда, адамзаттың сыртқы мәдениеті оның моральдық жетілуіне қарағанда
анағұрлым тез дамып келеді. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен үрей», - деп
есептейді ұлы ойшыл. Әрине, И.Канттың заманынан кейінгі уақыт бүл кісінің ойының
негізсіз емес екенін ашык көрсетті: тек өткен XX ғ. өзінде-ақ екі дуниежүзілік соғыста
миллиондаған адамдар сонын құрбаны болған жоқ па ?!!
Сондықтан И.Кант мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды, халықтар
арасындағы алауыздыкты қалайша жою керек, адамзат өмірінде «мәңгілік
бейбітшілікті» қалай орнату керек деген сиякты көкейтесті сұрақтарға жауап беруге
тырысты.
«Бүгінгі таңда халыкаралык катынастарда үстемдік жасайтын кұқ емес, тек қана
зорлық-зомбылық», - деп корытады ұлы ойшыл. Соғыс - адамның өз-өзіне мақсат
еткенін аяққа басады, сондықтан, «ол болмауы кажет».
Соғыс болмауы үшін мемлекеттер арасында тек кару-жарак болып, олар өздерін
өзара коркытып ұстауы қажет, я болмаса болашакта бүкіл адамзатты бір ғана
дүниежүзілік мемлекеттің аясында біріктіру кажет деген кең тараған пікірлерге