Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет239/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
276 
Дүниенің алғашқы бастауын Шеллинг Абсолюттен көреді. Ол - субъект пен 
объектінің тепе-теңдігі. Өзінің алғашқы кейпін алар болсақ, ол - өзінің субъект, иә 
болмаса объект екенін әлі білмейтін рух, саналы және бейсаналы іс-әрекеттің теңдігі. 
Сонымен Шеллингтің сөздерімен айтсак, Абсолют «өзінің мәні бойынша идеалды да, 
реалды да емес, ойлау да, болмыс та емес бірдеңе». 
Алайда бұл бірдеңенің дамуға деген талпынысы бар. Оның алғашкы нактылы 
көрінісі - ол Табиғат. Егер Фихтенің философиясында «әрекет ет!» деген талап үлкен 
орын алса, Шеллинг: «Бол !» - дейді. 
Сонымен, Шеллингтің ойынша, алғашқы Дүниенің негізінде жатқан тепе-теңдік, 
оның өмірде болу кұштарлығын оятып, ол табиғатка айналады. Табиғат өзінің алғашқы 
өмір сүруінен бастап құнарлы, өндіре алатын күш – natura naturans, оны тек кана 
жұмсақ, кай нәрсені болмасын қабылдай алатын негіз – natura naturata - деп есептеуге 
болмайды. 
Әрине, табиғат өзінің алғашқы сатыларында бейсаналық, стихиялық тұрде іс-
әрекетге болғанымен, ол белгілі бір мақсатка лайықты нәтижелерге әкеле бастайды. 
Табиғаттың осындай даму сатыларын Шеллинг заттардың бір-біріне тартуы мен өзара 
итерулерінен көреді (физикалық тілмен айтқанда, гравитация мен магнетизм). Келесі 
сатыда табиғатта химиялық өзгерістер пайда болады, ал оның өзі электрлік 
процестермен тығыз байланысты. Ал бұл процестердің өзі жүре келе тіршілік әлемін 
дүниеге әкеледі. Осы тұрғыдан Шеллинг тіршілік жөніндегі әртүрлі преформистік 
көзқарастарды сынға алады (praeformo - латын сезі, алдын ала құрамын). 
Әрине, тіршілік дами келе өзінің ғажап туындысын - адамды Дүниеге әкеледі. Осы 
тұрғыдан алғанда, адам мен табиғат - субъект пен объектінің бірегейлігін көрсетеді. 
Таза табиғаттағы гравитация (тарту) қасиеті идеалды өмірде бақылауға ауысады. 
Соның негізінде адамның ішкі өмірінде бірте-бірте өзіндік сана-сезім пайда бола 
бастайды. 
Өзіндік сананың тарихын Шеллинг үш сатыдан көреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет