Нуржігіт Алтынбеков
25
Қорыта келе, мына пікірді айтуға болады. Философия
өзінің тарихи бастауынан
бастап, осы заманға дейін - 2,5 мыңжылдық шеңберінде
өзінің пәнін, айналысатын
мәселелерін өзгерткен жоқ. Жеке ғылымдардың қалыптасуы
философияның өрісін
тарылтқан жоқ және тарылта алмайды да, өйткені ешбір жеке ғылым дүниенің ең
жалпы байланыстары мен қатынастарын зерттемейді. Керісінше,
философия өз пәнін
ғылыми деректер өскен сайын дамытып, өз өрісін кеңейтіп және тереңдеу үстінде.
Философия пәнінің қайнар көзі - жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның
Дүние мен адам және олардың арақатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет
етуінде. Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені,
ондағы алатын
орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.
Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі
шегіне жеткен ең
жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды.
Бұл ең жалпы
жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап
тереңдетсек, онда оның көпқырлылығын көреміз.
Ең бірінші философия пәнінің
метафизикалық онтологиялық қыр-сырын атап
өтуіміз керек (оntos - грек сөзі, барлық, болу; lоgos - ілім, болмыс жөніндегі ілім). Оған
мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол
шектелген бе, я болмаса шексіз бе? Мәңгілік, я уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің
ішкі мақсат-мұраты бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды?
Адам болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.
Философия пәнінің екінші үлкен
мәселелері ол оның гносеологиялық жақтары
(gnоsis - грек сөзі, тану, білу). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Біз
кімбіз және дүниедегі алатын орнымыз қандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің
табиғаты неде және ол Дүниенің ішкі сырын аша ала ма? Ақиқат,
шындық дегеніміз
не? Сезімдік пен ақыл-ойдың арақатынасы қандай? т.с.с.
Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі - ол оның
аксиологиялық, яғни
құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму
бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан