Нуржігіт Алтынбеков 284
нәсілшілдікті колдамағанмен, Гегель нәсілдер мен ұлттардың арасындағы
айырмашылықтарды «абсолютті рухтың» әртүрлі сатыларындағы өз-өзін анықтауымен
теңеп, олардың арасындағы мәдени айырмашылыктар ешқашанда жойылмайды деген
кертартпа пікір айтады. Адамның өмір кезеңдеріндегі айырмашылықтарды карап,
ойшыл қоғамдық катынастардағы тәртіпке адамдар тек қана жастык шағында ғана
қарсы шығады, есейе келе, пісіп-жетілген шағында олар қирату мен бүлдіруден гөрі
тәртіпті сактауды, жасампаздық еңбекті қалайды.
Субъективтік сананың дамуының екінші сатысы «Рух феноменологиясында»
каралады. Онда, негізінен, адамның санасы сезімдік сатысынан ақыл-ойға, одан әрі
зердеге карай көтеріледі.
«Психология» тарауында Гегель адамның танымдық кабілеттеріне көңіл бөліп,
рухтың теоретикалық, практикалық және ерікті сатыларын талдайды. Адам
теоретикалық сана шеңберінде калып коймай, әркашан оны өзінің еңбек процесімен
ұштастырып, жасампаздык сатысына көтеріледі. Міне, осы теоретикалык және
практикалық рухтың бірлігі ерікті рухты тудырады. Ал соңғы өзінін мазмұнын, ішкі
сырын дереу объективациялауға (сырткы дүниеге тануға) тырысады. Осы сатыға
жеткен кезде субъективтік рух секіріс арқылы объективтік рухқа айналады.
Объективтік рух, Гегельдің түсінігі бойынша, қоғам өміріндегі құқтық және
адамгершілік қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәні еріктікте болғаннан кейін,
құқтық қатынастардың өзі тікелей шынайы өмірге енген еріктіктің болмысы болып
есептеледі. Осы тұрғыдан ол - қайсыбір озбырлыққа, тәртіпсіздікке қарсы жатқан
құбылыс. Кұққа иеленген адам өзінің еркін сыртқы дүниедегі заттарға таңып, оларды
иеленіп, «Менікі» дейді. Жекеменшік сонымен, Гегельдің ойынша, еріктіктің қажетті
де субстанциалды өмірге енуі. Тек жекеменшікте адамның еркі өз-өзіне тұлғалық ерік
ретінде қалыптасады. Сонын арқасында адамның еркінің субъективтігі жойылып, ол
зерделі тұлғаға айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жекеменшіктің ұзақ күрес
жолында қоғамдық меншікті жеңуі - занды нәрсе, ол - зерденің жеңісі.
Мораль кұқтық сатыға карсы тұрып, оны ауыстырады. Ол саналы еріктің