Нуржігіт Алтынбеков 283
калыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдің философиялық жүйесін
объективті идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады.
Осы арада оқырманның шыдамы бітіп, мынандай сұрақ қоюы мүмкін: табиғатқа
дейін таза акиқат ретінде өмір сүрген «абсолюттік идея» - ол не? Бұл сауалды
уақытында Гегельдің лекция-ларын тыңдаған оқушылары да койғаны туралы аңыз бар.
Әрине, ол басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дініндегі
Құдайға қарағанда, оның денелік адамдық касиеттері жоқ, ол - таза логикалық идея
ғана. Сонымен біз Гегельдің жасаған философиялық жүйесін неше түрлі
философиялық категориялармен (ұғымдармен) әсемделген нәзік діни көзқарас десек те
болғаны. Егер біз Гегельдің философиясындағы алғашқы абсолюттік идеяны сызып
тастап, өзіміздің Дүние жөніндегі ой-өрісімізді мәңгі өмір сүріп жаткан «ұлы
мәртебелі Табиғаттың» өзінен бастап, тіршілік әлемін, тіпті сана-сезімі бар адамның
өзін соның туындысы ретінде қарасак, онда біз таза материалистік көзкараста болар
едік.
Алайда Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең құндысы оның рух жөніндегі
ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму
сатылары жөнінде тамаша ойлар мен пікірлер айтады.
Гегельдің ойынша, рух даму процесінде өзінің үш сатысынан өтеді:
1. Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы.
2. Объективті рух, оған ол кұк, мораль, адамгершілік, отбасы, азаматтық,
мемлекеттікті жатқызады.
3. Абсолюттік рух - ол өнер, дін және философия.
Субъективті рухты Гегель үш ғылымның шеңберінде карайды. Олар: антропология,
феноменология және психология. Антропология ілімінде ол жеке адамның тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына, дене мен жанның арақатынасына, адамзаттың нәсілдік
айырмашылықтарына, мінез-құлық пен темпераментіне, адамдардың өмір
кезеңдеріндегі айырмашылыктарға т.с.с. көңіл бөліп талдайды. Гегельдің ойынша,
адамның басқа тіршіліктен бірде-бір айырмашылығы - оның тік жүруінде. Ашық