Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы



Pdf көрінісі
бет280/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   692
§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы 
«Алтын Орда» мемлекетінен ез дербестігін алып, Мәскеу княздігінің Шығыс 
жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «ұлылығы», «артта қалған» 
Азия халықтарын право-славиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде 
Дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген «Мәскеу - 
үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар 
өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, 
философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды 
тудырды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
320 
Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екі ғасырдан 
артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс 
өткен тарихи жолды қайталап, 
олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы 
ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінін 
шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті Ақырында, большевиктер бұл шиеленісті 
«батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес 
әрі карай жүре берді. 
Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз және калай қарай 
дамуымыз керек?» деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уакытта тағы да 
«батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік 
құрылымда аз өте бай топпен қатар, негізгі халықтың қайыршылануына әкеліп,. XXI 
ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп 
болды. Бұлардың көзқарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен 
қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін 
білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қыскаша экскурс осы 
елдегі философиялык ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз. 
Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бүл ағымның негізін 
қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық 
жэне рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа 
құндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, 
азаматтык еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыкка 
негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың құлға айналуы
тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін 
П.Я.Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның 
католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи 
тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет