Нуржігіт Алтынбеков 335
бір-бірімен жакындасып, бірігіп, мемлекеттер арасындағы жасанды кедергілерді
алып тастауы керек деген идея көп ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.
«Адамзатты біріктіретін негізгі күш – мәдениет, ғарыштык этика» деген
пікірді орыс ғалымы, суреткері, діни философы Н.К. Рерих айтқан болатын.
Оның ойынша, бүкіл ғарышта, кеңістік пен уақытта, адамның жан дүниесінде екі
ғарыштық күш - Ізгілік пен Зұльшдық бір-бірімен күресте. Олар болмыстық
жағынан келгенде тең емес. Дүние Ақиқат, Ізгілік пен Әсемдікжолында
өзгертіледі. Тек Жарық сәулесі ғана ғарыштағы қараңғы тұңғиық Хаосты тәртіпке
келтіре алады.
Н.К. Рерих адамның ізгілігі, жасампаз белсенділігі Ғарыштың дамуындағы негізгі
күш екенін паш етеді. Нәтижесінде, адам Жаратушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның
ерекшелігі — ол айнала қоршаған ортаны өзгертіп кана коймай, сонымен бірге өзін
де жетілдіре алады. Надандықтан кейін цивилизация келеді, содан кейін
ғылымның дамуының негізінде адамдардың білімі өсіп, нэзіктене келе, биік
мәдениеттің есігін ашады, - деп қорытады Н.К.Рерих.
Н.К.Рерихтың ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, нәсілдік,
діни, әлеуметтік т.с.с. айырмашылықтар болмауы керек. Адамдардың арасындағы
айырмашылық тек қана оның мәдени дамуының негізінде каралуы керек. Адам -
Ғарыштың бір бөлігі, олай болса, ол – мәңгілік, барлығымен байланысты, бәріне де
тәуелді, сонымен қатар бәрі де оған тәуелді.
Адамның жасампаздық-шығармашылық істері әсемдіктің ңегізінде жүреді.
Әсемдік - рухтың мәдениеті, дүниенің зерделі тәртібі. Әсемдік дегеніміз - Ғарыштьщ
өзі. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, гуманистік-өнегелік идеялары осы
уақытқа шейін өзінің өзектілігімен танылады.
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 1. Ресей тарихы мен рухани өміріне деген славянофилдердің көзқарасы қандай
болды?