Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет293/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
334 
көзқарасқа соққы берген болса, XX ғ. К.Э.Циолковский адамзатты жер тартуынан 
шығарып, ғарышқа жол ашты деп көркемдеп айтуға болар еді. 
В.И.Вернадскийдің негізгі ойлары жер бетіндегі өмір мен адамзатқа арналды. 
Нәтижесінде, ол биосфера мен ноосфера жөнінде терең де тамаша ойларын адамзатқа 
ұсынды. Бүгінгі қалыптасқан биосфера жөніндегі «Үлкен жүйе» теориясы, тіршіліктің 
ғарышпен заттық және энергиялык алмасуға түсуі т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдің 
шығармашылық еңбектерінде үлкен орын алды. Жер бетіндегі тіршілікті ол жердің 
ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретінде қарайды. Тіршілік биогеохимиялық 
зат пен энергияның айналысын тудырып, жер бетін толығынан өзгертеді. Осы тұрғыдан 
қарағанда, адамзат тіршілік әлемінің ерекше ең 
жоғарғы бөлігі. Ол ерекше бір - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш-
қуатты тудырады. Оның аты ақыл-ой, зерде. Адамзат акыл-ойы мен еңбегінің 
арқасында жаңа геологиялық күшке айналып, биосфера жаңа ахуалға - ноосфера 
(акыл-ой аркылы ретке келтірілген жер беті) сатысына көтеріледі. Сонымен 
В.И.Вернадскийдің ойынша, адамзат зердесі - ғарыштық құбылыс. 
Н.Ф. Федоров адамзат зердесін ғарыш эволюциясының заңды нәтижесі ретінде 
қарайды. Әрі қарай Ғарышты адамзат саналы түрде өзгертеді. «Ғарыш хаос емес, 
нағыз Ғарышқа айналуы үшін зердені талап етеді». Болашақта ғылымньщ орасан зор 
дамуының негізінде адамзат өлместік дәрежесіне көтеріліп, сонымен қатар жер бетінде 
бұрын-соңды өмір сүрген барлық ұрпақтарды қайтадан тірілтеді, - деген ойда болды. 
А.Л. Чижевский жер бетіндегі тіршілікті тудырған жердің өзі емес, күн деген 
пікірге келіп, күннің жердегі биосфераға тигізетін ықпалын егжей-тегжейлі 
зерттейді. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетіндегі оқтын-оқтын 
болатын эпидемиялар, қуаңшылық т.с.с. құбылыстар Күндегі болып жаткан 
процестермен тығыз байланысты екенін дәлелдеп, А.Л.Чижевский бүгінгі ғылымдағы 
астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негізін қалады. 
Адамзат ғарыштың әрі қарай дамуындағы саналы күш болғаннан кейін, халықтар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет