Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет310/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
354 
«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы, 
Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста», - дейді ойшыл. 
Ол адамды мағыналы сөйлеуге, сыр сақтай білуге шақырады: 
«Ақылды ма кеп сөйлеген күбіне, 
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне. 
Оқ жарасы жазылады, бірақ та 
Тіл жарасы жазылмайды: түбі не», - деп тебіренеді ұлы ойшыл. 
Шын сөз бал секілді, жанға жайлы, дертке шипа болып келеді деп, ұлы ойшыл 
адамды әділдікке, шындыққа, ұстамдыққа шақырады. 
Орта ғасырдағы аскеттік өмір салтына сәйкес, ойшыл адамдардың қарым-
қатынасындағы жомарттық пен сараңдық мәселесіне де тоқтап, оларға талдау 
жасайды. 
«Жомарт ер білім жолын жете білер, 
Мал беріп, атақ алып өте білер. 
Жарылқап кем-кетікті білімменен, 
Жақсы атпен дүниеден кете білер», - деп тебіренеді ұлы ойшыл А.Жүйнекидің 
ойынша, «сараң - малдың құлы», ол емдегенмен азылмайтын ауру, оның тубі - 
менмендік, өркөкіректік тәқаппарлық, ол - нағыз адамның табиғатына сай келмейтін, 
мүлдем жат нәрселер. Қорыта келе, ойшыл адам өмірге жамандық емес, жақсылық, 
игілікті істер жасау ушін келеді деген түйін жасайды: 
«...Іспен тәуір жұрттың көнілін анықтап, 
Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап. 
Әуелі істер жұмыс иінін ойлап ал, 
Керек пе, әлде жоқ па екен деп анықтап», - деген ғибрат сөздерді айтады. 
Ұлы тұлғалардың ойларының ерекшелігі - олар әрқашанда өзінің өзектілігімен 
көрінеді. Осы түргыдан алғанда, жоғарыда көрсетілген ұлы бабамыздың ойлары 


Нуржігіт Алтынбеков 
355 
бүгінгі заманда өрлеу ұстіндегі халқымызға ауадай қажет. 
Сопылық философия. Қожа-Ахмет Яссауидің шығармашылық ойлары 
Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың 
сопылық философия ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздін төркіні, шамасы, 
«қорһоя» - «дана» деген грек сөзінен шықса керек. Сопылық философия ислам дінінің 
шеңберінде пайда болған мистиқалық (құпия) - аскеттік (өз-өзін шектеу) ағым. Оның 
дүниеге келу себебін жете тұсіну үшін, біз назарымызды ислам дінінің кейбір 
ерекшеліктеріне аударуымыз қажет. 
Ислам діні - тарихи ең соңғы дүниеге келген дүниежүзілік дін. Сондықтан бұл 
діндегі аса үлкен басымдық бірлік, бірқұдайлық, ол - абсолютті, оған ешқандай 
күмән келтірілмеуі керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында осы уақытқа шейін 
бытыраған көшпенді араб тайпаларының басын біріктіріп, оларды бір халыққа 
айналдырып, үлкен мемлекет кұру қажеттігі жатқан еді. Иудаизм мен христиандық дін 
аз да болса «көпкұдайлықтың» сарқыттарынан әлде де болса арылған жоқ-ты (мысалы, 
Құдайды адамға үқсатып бейнелеу - иқона, бір Құдайдың үштігі: құдай, әке, ұл және 
киелі рух т.с.с.)- Ислам дініндегі «Алла тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ, 
қаһарлы, қатал, адамды саналы пенде етіп жаратқанмен, өзіне ұқсас еткен жоқ. 
Сондықтан адам адасып кетпес үшін Ол қоғам өміріндегі болуға тиіс тәртіптің 
негіздерін, адамның өмірдегі жүріс-тұрысының қағидаларын Мұхаммед пайғамбар 
арқылы құрандағы Шариғатта алдын ала берген және олар Бұлжытпай орындалуы 
керек. 
Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмір өне бойы өзгерісте болғаннан кейін, 
ресми мешіттің Бұлжымас қағидалары шынайы өмірде әртүрлі қайшылықтарды 
тудырады. Сондықтан жаңа дінді уағыздаушылар көп ұзамай, екі топқа бөлінеді. 
Олардың бірін «абид» (Құдайдың құлы) десе, екіншісін «захид» (дәруіш) деп атады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет