Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет318/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
364 
Сол себепті Жәнібек пен Керей бастаған көшпенді тайпалары олардан үзілді-
кесілді бөлініп, қазіргі Қазақстан жерінде өз мемлекеттігінің туын тігеді де, өзінің 
жаңа этнониміне - «қазақ» деген атқа ие болады. Алайда «...елдің басы қосылған соң 
да, бұрыннан бар ру-тайпалық кұрылым, сондай-ақ шаруашылық типі мен 
мәдениет дәстурлер жүйесі негізінен сақталады» (Н.Назарбаев. Тарих 
толқынында. Алматы. Атамұра, 1999, 2116.) Оның себебі -көшпенділік өмір 
формасының қайсыбір өзгеріске ұшырамауында, оның қонсервативтік
табиғатында болса керек. Әскери-демократиялық деңгейде, одан асса, ерте
феодалдық қатынастардың негізінде өмір сүретін көшпенділер сол байырғы 
бытыраңқы жағдайда қала берді. «Ал әр ұлысқа кіретін әр тайпа, әр ру жалпақ елге 
ортақ күн туған кезде болмаса, өз ноқтасын өзі ұстап, ешкімге билік бере қоймайды. 
Бұл оғыз, тіпті қазақ хандығы тұсында да қала берді» (Ә.Кекілбаев. Түркістан 
тағлымы. Егемен Қазақстан. 12 сәуір, 2000 ж., 36.). Жоғарыдағы көрсетілген
жаңа геосаяси жағдайларға, жалпы алғанда, жер бетінде қалыптаса бастаған 
Жаңа дәуірдің талаптарына сай жауап қайтару үшін, шынайы ел тұтастығы, 
халық бірлігі қажет еді. Бірақ ол іске аспады, тіпті Абылай ханның заманында, 
елге қатерлі қауіп төнген кездің өзінде бүкіл қазақтың басы бірікпеді. Ұлы 
Шыңғысханның өз уақытында қурған алып «Алтын Орда» империясының да түбіне 
жеткен әлсіз жері - осы өзіне-өзі жеткілікті, бір-біріне күні түсе бермейтін 
көшпенділік өмір салты, соның негізінде қалыптасатын бір орталық билікке 
бағынбаушылық, оны керек қылмаушылық еді. Әрине, Сары-Арқа даласының 
ойшыл-даналарының балтырын сыздатқан негізгі мәселе, міне, осы болатын. 
ХҮ-ХҮІІІ ғғ. дүниеге келген философиялық ой-талғамдар, негізінен алғанда, 
жыраұйық түрде таралып өмір сүрді. Өйткені көшпенділердің арасында сауаты 
ашылған, жазылған сөзді оқитын адамдардың саны көп болмай, олар кебіне 
ақсүйектерге ғана тән болатын. Қарапайым сөзбен жеткізілген ой біреуден-екіншіге 
тарау жолында өзгеріп, алғашқы мән-мағынасын тез жоғалтатыны баршаға мәлім. Тек 
қана өткір де терең, нақышына келтірілген өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет