Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет317/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
363 
§ 4. ХҮ-ХVІIғғ. қазақ жырауларының шығармашылығы 
XV ғ. қарай тарихының тамыры көне заманға кететін түркі тайпаларының 
өмірінде елеулі өзгерістер басталады. Мыңдаған жылдар бойы лек-легімен сонау 
Байқал көлі мен Алтайдан бастап Балқан тауларына шейін ағылған, ерікті өмір сүрген, 
басқа белгілі бір жерлерде орын тепкен мемлекеттердің аузы батпаған, керісінше, сол 
мемлекеттерді әрқашанда қорқынышта ұстаған көшпенділер тарихының сарқылу 
кезеңі басталады. Өйткені осы кезде дүние-жүзілік тарихта, нақтылай келе, Еуропа 
топырағында, Жаңа дәуірге өту кезеңі - Қайта өрлеу заманы басталады. «Ұлы 
мәртебелі Табиғаттың» балалары - көшпенділер - өзінің өмір аясының сарқыла 
бастағанын ішкі көкей көзімен болса да бірте-бірте сезіне бастайды: садақ пен 
найзаның, шоқпар мен білектің күшінің мүмкіншілігі азая түседі. Батыс қоғамдарында 
машиналық өндірістің негіздері қалыптаса бастайды, зеңбіректер мен мылтық оқтары 
соғыс технологиясын күрт өзгертеді. 
Әңгімені нақтылай келе, Еуразия топырағына келер болсақ Алтын Орда
мемлекетіне екі ғасыр бойы салық жинап келген Мәскеу князьдығы, барлық орыс 
жерлерін қол астына біріктіріп кушейіп, Шығысқа қарай қол сұға бастайды. 
Ежелгі турік бабаларымыз иемденген Еділ мен Жайықтың екі ортасындағы 
жайылымдарға үлкен қауіп төнеді. Ал Шығыс жақты алар болсақ, Түркі 
тайпаларынан кейінгі Азияның ұлы көшпенділері - ойраттар да Қытай жағынан 
қысылып, бері қарай жылжи бастайды. Ал мұның өзі XVIII ғасырда екі кешпенді 
халықтың бір-бірімен маңдайларымен соқтығысуына, олардың тарихында болмаған 
қантөгіске, апатқа әкеліп соғады. Әрине, Бұл қақтығыс жаңа ғана күшін алып, 
Шығыстағы жаңа жерлерге қолын сұға бастаған Ресей мемлекеті мен Қытай 
әміршілерінің мүдделеріне сай келгені сөзсіз еді. Ал енді Орта Азиядағы жерге
отырын, тұрақтанып, халықтық дәрежеге көтерілген түбі бір түркі ұлыстары да 
көшіп-қонған, әлсіреп жатқан өз ағайындарына - көшпенділерге - қысым жасай 
бастайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет