Нуржігіт Алтынбеков
379
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз...».
Жыраудың ойынша, бұл дүниеге келіп, уақыты келгенде бәрі де кетіп жатыр.
Сонымен қатар өлместік дәрежеге жететін бір-ақ нәрсе бар. Ол - адам:
«...Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені -
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді», - деп қорытады ұлы ойшыл.
Тек адам ғана өзінің
шығармашылығымен, жақсы істерімен, өмірде өзінің ізін қалдыра алады.
Сонымен
қатар адам өзінің өмірінің соңы болатынын білетін пенде болғандықтан, ол
өмірге
ешқашанда тоймайды,
оның арман-қиялдары, үміті таусылмайды, ол
шексіздікке
ұмтылған жан:
«Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жүлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Арманын қоймас адамзат!
...Қапалы күні қабарып.
Қайғының күні төнсе де,
Үмітін жоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жаныңа қылыш ұрса да,