Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет325/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
376 
Жетім менен жесірге 
Ешбір жаман қылмадың. 
Әділетпен жүрдіңіз, 
Әдепті іске кірдіңіз, 
Арманым бар ма, хан ием», - деп, өзінің қанағат еткенін білдіреді. Сонымен қатар 
жырау елбасының кемшіліктерін әшкерелеп, саяси батылдық көрсетіп, адал ниетпен 
кейбір уақытта оны қатты сынай білген: 
«Ай, Абылай, Абылай, 
Ал тілімді! Аласың, 
Егер тілімді алмасаң, 
Жалғыз жәутік қаласың...». 
Абылай хан өлгенде, жырау қазақ халқының орны толмайтын қазаға ұшырағанын 
терең түсініп, оны жоқтады: 
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, 
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай... 
Үш жүздің басын қосқан, Абылай! 
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, 
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай?! - деп зар жылады. 
Таңғаларлық нәрсе, Бұқар жыраудың тарихи көрегендігін төмендегі жолдар айқын 
дәлелдейді: 
«Күнбатыстан бір дұшпан 
Ақырда келер сол тұстан. 
Өзі сары, көзі көк, 
Діндарының аты поп...». 
Егер сол кезде тіпті қазақ жерінде Ресей мемлекетінің суық желі байқалып тұрған 
деп есептесек те, боданданған халықты олардың қалай өз еркіне көндіріп, 
басқаратыны жөнінде айтқан жыраудың сөздері өзінің асқан көрегендігімен адамның 


Нуржігіт Алтынбеков 
377 
жан-дүниесін дүр сілкіндіреді: 
«Жемқорларға жем беріп, 
Азды көпке теңгеріп, 
Ел қамын айтқан жақсыны 
Сөйлетпей ұрар ұртына! 
Бауыздамай ішер қаныңды, 
Өлтірмей алар жаныңды, 
Қағазға жазар малыңды, 
Есепке салар барыңды...». Тарих беттері соңынан толығымен бұл болжаудың 
даналығын көрсетті. Мына жыраудың геосаяси көзқарастарна көз жіберсек, ол 
бүгінгі қазаққа да үлкен ой тастайды: 
«Шүршітпенен құлақтас, 
Қырғызбенен жұбаптас. 
Ортасында үйлығып, 
Кетпейін десе, жері тар, 
Кетейін десе, алды-артын 
Қоршап бір алған кәуір бар. 
Ұйлыққан қойдай қамалып, 
Буйірінен шаншу қадалып, 
Сорлы бір қазақ қалды, ойла!». Әрине, бүгінгі таңдағы егемен Қазақ елі Дүниедегі 
ең беделді ірі мемлекеттерден өзінің дербестігі жөнінде кепіл алды. Сонымен қатар біз 
екі бүйірде жатқан екі алып мемлекет бар екенін ұмытпай, соған сәйкес ақылды да 
икемді саясат жүргізуіміз керек, сонда ғана біз жыраудың өсиетін орындаймыз. 
Енді Бұқар жыраудың әлеуметтік-саяси көзқарастарынан өтіп, оның болмыс,
адам жөніндегі ойларына келер болсақ, ол бұл Дүниені өтпелі жалған ретінде 
қарайды. Еш нәрсе бұл дүниеде мәңгі емес, сонымен қатар өмірге келген кұбылыс 
өзінің белгілі бір заңды сатыларынан өтіп барып, дүниеден кешеді: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет