Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет322/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
371 
«Сен алтынсың - мен құлмын,
Сен жібексің - мен жүнмін, 
Сен сүлтансың - мен құлмын», - деп, оның лауазымын мойындайды. Басқа 
жағдайда өзара қырылыс-тартыстың жойыл-майтынына оның көзі жетеді. 
Жыраудың ойынша, халықтың бірлігін арттыратын - жақсылық жолы, сондықтан ол 
«жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, қисайғанды түзет», - дейді. 
Көшпенді замандағы ер жігіттің аяұлы да нәзік қысқа өмірін толғай келе, Шалкиіз 
діни бейсаналық (иррационализм) бағытын ұстайды. Жыраудың ойынша, бәрі де 
Тәңірдің жазғанымен болады: 
«Жапырағы жасыл жаутерек, 
Жайқалмағы желден дүр. 
Төренің кежігуі елден дүр. 
Байлардың мақтанбағы малдан дүр... 
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі, 
Ажалымыз қайдан дүр». 
Адамды аспанға көтеретін де, құзға құлататын да - Тәңір. «Тең атаның ұлы едің, 
дәрежеңді артық етсе - Тәңірі етті», - дейді жырау. Мүндай көзқарастың жұрнақтары 
осы күнгі қазақтардың да бойында бары сөзсіз. Өмірі толығынан қауіп-қатерге толы, 
ертеңгі күні не болатынын білмейтін көшпендінің дуниесезіміне мүндай өмір 
философиясы оған тірек болып, оны батырлыққа итерді. 
Табиғат және оның ажырамас бөлігі - адам - Шалкиіздің шығармашылығының
өзекті тақырыбы. Қазіргі тілмен айтсақ, жырау - философиялық антропологизм 
бағытын ұстаған ойшыл. Адам - табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның 
қасиеттерін табиғатпен салыстырып қарайды. «Алма мойын сам үйрек,
Ана Еділден көксіген


Нуржігіт Алтынбеков 
372 
Көлді тастап қырға ұшса, 
Бір тарланға жолығар!...». Сондықтан ер-жігіттер әрбіреуі әр жаққа тартпай, 
біріккенде ғана, елді жаудан аман сақтап қала алады:
Атаның ұлы ерлерге,
Малыңды бер де, басың қос.
Басыңды қос та бек сыйлас,
Күндердің күні болғанда, 
Басың жауда қалар ма!» - деп қорытады жырау. Шалкиіздің ойынша, адамдар өз 
табиғаты бойынша жамандар мен жақсыларға бөлінеді: 
«Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса, 
Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас...». 
«Құсты жисаң бүркіт жи, қыстауыңды түлкі етер. 
Бір жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлік етер, 
Бір жаманмен дос болсаң, күндердің күні болғанда, 
Жұмыла ғаламға күлкі етер», - дейді ақын. 
Бұл дүние өтпелі, «...мынау жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған», - дейді 
жырау. Сондықтан адам Бұл дүниедегі қызықты тегіс көріп, өмірді думандатып өткізу 
керек. Бірақ оның да өлшемі бар:
«...Жүйрікпін деп мақтанба,
О дағы бір құба арланға жолығар,
Еріккенде қызыл тілін тыймаған,
О дағы бір пәлеге жолығар.
Салмақтама немеңді,...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет