Нуржігіт Алтынбеков
402
теріс әсерін тигізгенін қазір ғана сезініп жатырмыз. Менмендік, қоғамдық пікірмен
санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терістеу, адамдардың бір-бірінен
жаттануы, шен иелерінің жемқорлығы, екіжүзділік, тәкаппарлық т.с.с. келеңсіз
кұбылыстар тек адамгершілікке,
ар-ұжданға негізделген саясат арқылы ғана
жеңіледі. Оны естен шығармауымыз керек.
Қазіргі жаңару сатымызда Шәкәрімнің айтқан көп ағартушылық ақыл-ойлары
да бізге рухани азық болмақ. «Ақ ісіңе Құдай жақ, Адамнан тіпті шошыма» немесе:
Құдай таза жаратты, сен таза бол,
Ұқсаң анық айттым ғой, Бұл—таза жол», - дейді ақын. Сонымен бірге ол
әрбір адамды жасампаздық енбекке шақырады: «Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,
Бәрін Құдай қылады дегенге ерме», - деп ескертеді. Әсіресе, мына жолдар бізге
ауадай қажет сияқты: «Өнер қылма ар сатып жалданбақты, Ұлық болып елді жеп
мақтанбақты.
Біреуді жеп, біреуді табамыз деп,
Қашан жақсы көруші ел алданбақты».
Қорыта келе, Шәкәрімнің философиясы өте биік, нәзік те терең, өз заманынан
озған десек, қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руханиятынан тыс бүкіл әлемдік
білімге өз үлесін қосты деп айтуға әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: