Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет341/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
398 
Жаралыс салған сондай мән». 
АҚЫННЫҢ
бұл өлең жолдарынан біз адамның өзі табиғаттың төл туындысы 
екенін байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен. 
«Жанымыз куннен келген нұрдан,
Тәніміз - топырақ пенен судан.
Күн - атам, анық жер - анам, 
Бірі нүр беріп, бірі - тамақ, 
Бұзады бірақ қайтадан.
Ер жетем, толам, қайта солам,
Әрі анам - бұл жер, әрі - молам...». 
Қандай ғажап ойлар! Күннің сәулесінің арқасында жер бетінде тіршілік дүниеге 
келді емес пе? Бұл шумақтан біз Шәкәрімнің тіпті деизмнен гөрі пантеизмге 
(Табиғаттың өзін Құдаймен теңейтін ілім) жақынырақ екенін жорамалдаймыз. 
Сонымен қатар Бұл дүниеде еш нәрсе де мәңгі емес, өзінің сатыларынан өтіп (ер 
жетем,толам, солам) өмір сүруін тоқтатады. Бірақ ол ізсіз жоғалып кетпейді, 
басқа бір денеге, құбылысқа айналады. 
«Әлектриядан не шықты, 
Істедің талай қызықты! 
Дәл озін көрген адам жоқ, 
Шын затын оның кім ұқты? 
Ісінен білдік барлығын», - дейді ұлы ойшыл. Бұл жолдар, бір жағынан, ақынның өз 
заманының ғылыми жетістіктерін білгенін көрсетсе, екінші жағынан, оларды түсінуде 
идеалистік жолға түсіп кетпей, практика, іс-әрекет арқылы оның шындығына жету 
мүмкіндігі айтылады. 
«Күннен неге тұсіп тұр мұнша жарық, 


Нуржігіт Алтынбеков 
399 
Сегіз минут шерікте жерге барып. 
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай, 
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып. 
Барша әлем тапжылмай тұрып қалса, 
Бола ма, уақыт деген өлшеу салып? 
Мақсат, тәртіп керексіз тозаңы жоқ, 
Тексермей неге отырмыз мұны ойланып». Бұл шумақтан біз ақынның сол кезде 
жаңа ғана ашылған ғажап ғылыми жаңалықты - күн сәулесінің жылдамдығының 300 
мың км/сек. екенін білгенін байқаймыз. Екіншіден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың 
өзара байланысын байқағанын, үшіншіден, табиғаттың терең сырларын әрі қарай 
зерттеп, диалектиқалық ұғымдармен ғылымды байыту керектігін терең сезінгенін 
көреміз. 
Терең философиялық мәні бар ерекше мәселе - жан мен тәннің арақатынасы, 
өзара байланысы. 
«Жансыз тән қалайша жүрмек? 
Сол жан емес пе денелерді қозғап өсірмек. 
Бас қозғалыс қой жанның атасы, 
Ол жаратады түрлеп. 
Сол жаннан талай жан өскен, 
Жанына қарай тән өскен.» Сонымен, ақынның ойынша, жан мен тәннің 
арақатынасында басымдылық біріншіде, тәуелділік екіншіде, яғни сана, ақыл тәнді 
билейді. 
Енді гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрім өзінің «Анық пен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет