Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет41/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   692
идентификация дейді, біз дүниежүзілік философияны зерттеп, қазақ халқының 
дүниетанымы онда қандай орын алатынын анықтауымыз керек. Сонымен қатар 
бүгінгі адамзаттың рухани дағдарысы неде, қаншалықты биік дәрежеге ғыльм мен 
техника көтерілгенмен, қазіргі миллиондаған адамдар өздерін неге бақытсыз 
сезінеді, біз өзіміздің реформаларымызда қандай елдердің тәжірибелерін үлгі ретінде 
алуымыз керек және оларды өзіміздің ерекшеліктерге сай етіп пішуіміз керек деген 
т.с.с. сұрақтарға жауап беруіміз керек. Бұл сұрақтарға жауап жеке адам, я болмаса 
бүкіл қоғамның болашақ тағдырына әсерін тигізбей қоймайды. Ал олардың бәріне 
де терең жауап беру философия арқылы болмақ, өйткені олардың бәрі де - Дүниеге 
деген көзқараспен байланысты мәселелер. 
Бүгінгі таңдағы еліміздегі көп қиындықтар, тіпті қателіктер, біздің өмірді жаңарту 
жолындағы үстірт еліктеу, қайсыбір ақиқаттың нақтылығын ұмыту, жалпы алғанда
біздің жаңа қалыптасып жатқан саяси және экономикалық элитамыздың 
философиялық дайындық дәрежесінің тайыздығымен, интеллектуалдық элитаға мән 
бермеумен көп жағдайда байланысты болып отыр. Әрине, сонымен қатар көп 
мәселелердің түп-тамыры біздің соңғы ғасырлардағы бодандығымызға кетеді. Бірақ 
оған қаншалықты сілтей береміз? 
Дүниеге деген терең философиялық көзқарас әсіресе біздің жастарға керек. 
Өйткені жастар - елдің болашағы. Философияны терең оқып-білген адамның ғана 
Дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі болып жатқан шым-шытырық 
тартыс, қайшылықтардың мәнін аша алады. Олай болса, өз өмірінің мән-
мағынасын жете түсініп, осы өмірде өзінің шынайы орнын ала алатын болады. 
Философияның келесі функциясы оның әдістемелік қызметінде. Әр 
ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер 
қолданылады. Әртүрлі әдістер жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып 
бөлінеді. Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет