Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет429/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

    Бұл бет үшін навигация:
  • Кенес
Нуржігіт Алтынбеков 
491 
оның өзі заттар мен құбылыстардьщ ішкі нақтылы теңдігі. Ол заттардың өмір сүруінің 
негізі, оның көрінісі - заң. 
Сонымен оқырманның байқағанындай, философия тарихында даралық, 
жалқылық пен жалпылықтың өзара диапектикасы ғасырлар бойы зерттеліп, бүгінгі 
таңдағы мәресіне жетті. Оған қорытынды жасасақ, жалқылық жалпылыққа әкеледі, ал 
соңғы жалкылықтың бойында өмір сүреді. Алайда олардың екеуінің арасындағы 
дәнекер - ол ерекшелік. Сондықтан Дүниедегі әр зат, құбылыс, үрдіс өзінің 
ерекшелігімен танылады. Ерекше зат өз бойына жалқы мен жалпыны тек өзіне ғана 
тән жолмен біріктіреді. Сонын арқасында Дүниедегі көптіктің бірлігі камтамасыз 
етіледі. 
Жалкылық пен жалпылық диалектикасын жете түсіну аркылы өткен кеңес қоғамы 
мен қазіргі егемен елімізде жүріп жатқан үрдістерді талдауға мүмкіншілік аламыз. 
Кенес заманында жалпылық басынқы категорияға айналып, жеке адамдардың 
құқтары, олардың шығармашылық ерекшеліктері дұрыс ескерілмеді, сондықтан 
қоғам тоқырауға ұшырады. Бүгінгі таңда біз, керісінше, ағымды байқаймыз. 
Жекелік, адамдардың құқтарын сақтау, оларды шығармашылық жолға, ізденіске 
бағыттау — қазіргі саясаттың негізгі арқауы болып отыр. Ол, бір жағынан, 
экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, 
ұжымдық мүдделердің іске асуына нұқсан келтіруде, ол бүгінгі таңда баршаға аян. 
Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тереңдеген сайын, жалқы мен жалпылық 
диалектикасының маңызы арта түсуде. Оны ұқыпты түрде ескермейінше, біз 
саясатта үлкен қателіктер жіберуіміз мүмкін. Шынында да, Қазақ елі алыстағы 
Франция, я болмаса Бразилияға ұқсамайды, тіпті бізге жақын елдердің өзі де (Өзбек-
стан, я болмаса Ресей) басқаша. Осы тұрғыдан карағанда, біздің ата-бабаларымыз 
таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты қатал, 
суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең жерлерде орналаскан. Сондықтан да ауыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет