Нуржігіт Алтынбеков 500
байлығын бірегей карауға мүмкіндік аламыз.
Аталған категорияларды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір
кұбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған маскүнемдік,
нашакорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік аномалияларды (ауытқу)
алсак, кейбір саясаткерлер оның себептерін сыртқы факторлардан іздеп, оны азайту
үшін «наркотрафиктерді» (тасымал жол) үзу керек деген ой тастайды. Ал,
шындығында, оның терен себептері жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с.
әлеуметтік факторларда жатыр. Ол факторларды жоймай, бұл әлеуметтік
аномалиялармен күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді
жойғанмен, сұраныс болганнан кейін, оның басқа жасанды химиялық түрлері
астыртын нарықта дүниеге келуі ғажап емес...
Онда келесі сұрақ пайда болуы мүмкін: дамыған, әлеуметтік мэселелері шешілген
елдерде неге осындай әлеуметтік аномалиялар кен етек алған? Ал оның терең себебі -
адамнын өз болмысына қанағаттанбауы, шығармашылық қабілетін сыртқа шығарып
гүл-дете алмауы, материалдық байлыққа бағытталған қоғамньщ рухани азғындауы, соның нәтижесінде жалғыздык, жаттану сияқты қүбылыстардың кең етек алуы т.с.с.
Сонымен қарап отырсак, мәселе адам болмысы, оның терең мән-мағынасына келіп
тіреледі.
«Адамды оның киіміне қарап қарсы алады да, ақылына қарап шығарып салады»,
«Адамның терең сырын ашу үшін онымен бірге бір пүт тұз ішу керек» деген т.с.с.
тэжірибеден шыққан нақыл сөздер де құбылыс пен мәннің өзара байланысын
көрсетпей ме?! Расында да, бір адам екіншімен танысқанда, ең алдымен оның
сыртқы құбылысына (киімі, бет-әлпеті, сөйлеген сезі т.с.с.) назар аударады. Тек жүре
келе, онымен терең қарым-қатынасқа түсе, бірге өмір қиындықтарын бастан өткізе
келе ғана, адамньвд терең мән-мағынасын ашуға болады.
«Бір көргенде ғашық» болып, бір жетіден кейін үйленіп құрған отбастарының
көбінесе аянышты аяқталуы - бір-бірін жете білмегеннен, өмірді үстірт қарағаннан,
құбылысты мәнге теңеуден шыға ма? - деген ойдамыз.