Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет446/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
508 
шындық пен мүмкіндік (грекше - еnеrgеіа, шындық, dinamis - мүмкіндік, латынша - 
асtus - шындық, роtеntіа -мүмкіндік). Қозғалыс - заттың ішіндегі мүмкіндіктің 
шындықта іске асуы, ал оның қайнар көзі форманың белсенді әрекетінде жатыр. 
Мысалы, қайсыбір дүниеге келген тіршіліктің ішінде оның болашақ өлімінің ұрығы 
жатыр, ол оны өмірдің шеңберінен тыс шығармай қоймайды. Кірпіштің үйге айналу 
мүмкіндігі бар, сонымен қатар ол саз, я болмаса құмның шындығы т.с.с. Ұлы ойшыл 
қозғалыстың біршама түрлерін ерекше алып зерттейді. Олар: үлкею, кішірею, пайда 
болу, жоғалу, сапалық өзгеру, кеңістіктегі орын алмастыру. 
Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс-әрекетінен 
іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай). 
Жаңа дэуірдегі ойшылдардың ішінде Ф.Бэкон козғалысты ма-терияның ішкі 
табиғатынан шығатын белсенділік ретінде түсінеді. 
Гегельдің түсінігінше, козғалыс «өміршеңдік», «әрекеттік», «ешқашанда бітпейтін 
үрдіс», ол ішкі қажеттіктен туып, «өзіндік қозғалыс» ретінде қаралуы керек. 
Маркстік философияда козғалыс категориясы егжей-тегжейлі талданады. 
Қозғалысты материяның ішкі кайшылығынан шығатьщ өмір сүру тэсілі ретінде түсініп, 
Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның 5 түрін 
ашады. Олар: механикалық, физикалык, химиялық, биологиялық жэне элеуметгік 
қозғалыс формалары. 
Әрине, қазіргі ғылым бүл түсініктерді әрі қарай дамытып, байытты. Қозғалыстың 
ең қарапайым түрі ретінде механикалық, яғни кеңістікте орын ауыстыру үрдістері 
жатады. 
Бүгінгі ядролык физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық 
бөлшектердің бір-біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялык, нейтрондық өрістер, 
атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады. 
Атомдар мен молекулалардың қозғалысы мен өзара бір-біріне өтуі химиялық 
қозғалыс формасын құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет