Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет445/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
507 
тыс шығып кетпеуге әдеттену қажет. Сонау көне заманда Солонның айтқан «өте еш 
нәрсе» деген нақыл сөзін үмытпағанымыз жөн. 
§ 7. Қозғалыс 
Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді. ал оның өзі кеністік 
пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс - бүкіл болмыстағы дүниенін өмір 
суру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уакыт - қозғалыстағы дүниенің формасы 
ретінде қаралуға тиіс. 
Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша аныктама беруге болады. ол Дүниедегі 
қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмұн 
жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы
ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді. 
Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниенің 
ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы 
Гераклит қозғалыстың астарында қарама-карсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. 
Соны-мен катар, Пармснид пен Зенон оған қарсы шыгып, қозғалыстың ішкі сырын 
ашуға мүмкін еместігін дэлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның «Садақтан 
атылған оқ қозғалмайды» деген апориясын (арогіа - грек сөзі қиындық, шешімі жоқ 
деген мағына береді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте 
кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте - келесі орында, оны әрі қарай 
шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс 
шықпайды, яғни, ол - жоқ. 
Мұндай көзқарасты уақытында Аристотель сынға алған болатын. «Қателік - 
уақытты бөлек-бөлек «сәттен» тұрады деп есептеуде», - дейді үлы ойшыл. Әрине, 
мұндай пікірмен келісуге болады. Осы ойшыл қозғалысты талдауға аса үлкен үлес 
қосқан болатын. Болмысты талдаудағы ең қиыны - Дүниенің өтпелілігі, бір нәрсенің 
туып, екіншінің өтуі. Оны Аристотель екі жаңа категория кіргізіп, талдайды. Олар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет