Нуржігіт Алтынбеков 505
негізінде пайда болады.
Жана дүниеге келген сапа өзіндік жаңа мөлшерді талап етеді. Мысалы, судың
көлемін будың көлемімен салыстырсақ, ол екі-түрлі.Бурдың шеңберіндегі
молекулярлық байланыстар сумен салыстырғанда, мүлде өзгеше.
Заттың өлшемі сандық өзгерістер арқылы бұзылған сэтте секіріс пайда болып,
ол дереу екінші затқа айналады. Сонымен секіріс деп ескі сапаның елшемінің
бүзылуы арқасында жаңа сапаньщ дүниеге келуін айтамыз. Дүниедегі заттар мен
құбылыстар әртүрлі шексіз болғандықтан, олардың өзгеруі тек өзіне тән жолдармен
өтеді. Бірақ, қалай айтқанда да, секірістің аты секіріс, ол көбіне жарылыс, күрт,
интенсивті қарқынмен жүреді. Мысалы, микроәлемдегі бір элементарлық бөлшектің
екіншіге айналуы секундтың миллиардтаған бір бөлігінде өтсе, мегаәлемдегі сапалы
үрдістер миллиондаған жылдарға созылуы мүмкін.
Философиялық эдебиетте баска пікірлер де кездеседі. Мысалы, секіріс
«жарылыс», «бірте-бірте» өтеді деген пікірді келтірсек те болғаны (қараңыз:
П.В.Алексеев, А.В.Панин. Фило-софия, М., Проспект, 1997, 481-6.). Мүндай көзкарас
секірістің мән-мағынасын жоққа шығарып, «бұлдырлатып» жібереді. Күрделі
объектілердің сапасының сандық өзгерістер арқылы жетілу сатыларын секіріске
теңейді. Ал ол секіріс емес, өйткені мұндай жағдайда өзгерістер сол сапаның
шеңберінде өтеді. Сандық мөлшер арнасынан шығып, сапа бұзылған кезде жағдай күрт
өзгеріп, секіріс басталады, ол заттың тез арада түбегейлі өзгеруіне, баска затқа
айналуына әкеледі.
Біздің елімізде жүріп жатқан түбегейлі өзгерістер, осы тұрғыдан алып
қарағанда, нағыз секіріс болып саналуы қажет. Өйткені күрделі өзгерістер тек
қоғамның кейбір салаларын ғана қамтып жатқан жоқ, ол қоғамның барлық
құрылымдарында жұріп жатыр. Экономика саласына келер болсақ, тоталитарлық
жоспарлы жүйе нарықтық жекеменшікке негізделген шаруашылыққа ауысты; халықты
элеуметтік жағынан тұрпайы теңеу саясаты жаңа топталу саясатына ауысты,
әлеуметтік қүрылым күрделене бастады; қоғамның саяси саласында бірпартиялық