Нуржігіт Алтынбеков 506
жойылып, эртүрлі таптар мен топтардың мүдделерін қорғайтын көппартиялық жүйе
дүниеге келді; бәрін өз астына көмкерген тоталитарлық мемлекет Левиафан
жойылып, жаңа «азаматтың қоғаммен», «адамдардың Құқтарымен» санасып жұмыс
істейтін мемлекет қалыптасуда; Қаншалықты киындықтың астарында жүріп жатса да,
рухани-адамгершілік салада да үлкен өзгерістер байқалады.
Қоғамтану салаларындағы деректерге жүгінсек, өтпелі дэуір шамамен 15-20
жылға созылады екен. Бірак дүние жүзіндегі бірде-бір ел ТМД елдері сияқты, бүкіл
елдің байлығын мемлекеттің қолына өткізген жоқ-ты. Сондықтан біздің «секірісіміз»
ерекше, аса қиын жағдайда өтуде. Дегенмен аталған жылдардың шеңберінде
нарықтық
экономикаға негізделген демократиялық құқтық мемлекеттің мықты іргетастары
қаланады деген үміттеміз. Әңгіме -осындай тағдырлы өзгерістерде өз руханиятымызды
сақтап, әрі қарай дамыта алсақ болғаны.
Енді аталған ойды нақтылай келсек, 1985-1991 жж. өткен тарихты сараптау,
ойлану-толғану, біз неге дүниежүзілік қауымнан қалып қойдық, оған кім кінәлі, не
істеу керек деген ойлармен болдық. Практикалық түрде, бүл уакытта элі нақтылы
реформалар басталған жоқ-ты. Тек Кеңес қоғамы қүрдымға кетіп, жаңа тэуелсіз
мемлекеттер пайда болған кезден бастап, нақтылы реформалар басталды (1991 ж.).
Сонда, теоретикалық болжамдарға жүгінсек, күрделі реформалар 2005-2010 жж.
аяқталуы қажет. Мүмкін, Түрікменстан, Беларус, Тәжікстан сияқты елдерде ол бүдан
да ұзаққа созылуы, ал аса тез қарқынмен келе жатқан Қазак елі оны ертерек бітіруі
ғажап емес, өйткені реформалардың кейбір салалары Ресейден тез өтуде
(жекешелендіру, муниципалдық, пенсия жүйесі, аграрлық реформалар т.с.с.). Тағы
да айту керек, тек өз болмысымызды осы үрдістерде жоғалтпауымыз қажет.
Қорыта келе, біз «сапа», «сан», «өлшем», «секіріс» категорияларының бір-бірімен
тығыз байланысты болып, белгілі бір жүйені құрайтынын байқадық. Оны әдебиетте
«Сапа мен санның өзара бір-біріне өту заңы» деп атайды. Ал оның мәнін біз жоғарыда
көрсетуге тырыстық. Ғылымдағы негізгі мақсаттың бірі - зерттеліп жаткан объектінің
өлшемін анықтау. Адамдардьщ өмірі мен жүріс-түрысында эрқашанда өлшемнен