Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет482/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
544 
қызметтерін атқарады. 
Холизмді асыра түсіну негізінде саясатта неше түрлі тоталитарлық 
тұжырымдамалар дүниеге келеді. Ол идеялар өмірде іске асқан жағдайда жеке 
адамдардың мақсат-мүдделері толығынан қоғамдық жалпы мүдделерге бағынышты 
болуы керек. Жеке адам өмірінің құндылығы, қажеттігі, оның өз алдына койған 
мақсат-мұраты, оларды іске асыруға бағытталған әрекеттері т.с.с. бәрі -қоғамдық 
жалпы мүдденің шеңберінен тыс шыкпау керек. Оны уақытында большевиктер 
мынандай мақал-мәтелмен берген: «Ағашты шапқанда жоңқалар ұшады» (сондағы 
«жоңқалар» — жеке адам өмірі!). XX ғ. пайда болған неше түрлі тоталитарлық 
режимдер миллиондаған жеке адамдарды өзінің қияли «қоғамдық мүдделеріне» қарсы 
келді деп құртып жіберген жоқ па?! 
Енді бүгінгі таңда «либералдық демократия» саясатынан туындаған «әлеуметтік 
атомизм» тұжырымдамасына келер болсақ, ол, керісінше, жеке адамның мүдделері 
мен мақсат-мұратын қоғамдық мүддеден биік қояды. «Жеке адамның іс-әрекетіне 
толығынан жол ашылсын!», «Адам құқтары мен еріктігі басымқы болсын!» деген 
ұрандардан «керісінше тоталитаризмді» байқауға болатын сияқты. 
Әрине, бөлшек, бөлік деген сөздердін өзі «бөліну, өз еркін іске асыру» деген 
мағына береді. Бірақ, екінші жағынан, ол тек қана, сондықтан тұтастық, бүтіннің 
шеңберінде өмір сүруі қажет. Олай болса, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, 
сонымен қатар қоғам жеке адамның мүддесі мен мақсат-мұратымен санаспай
оны толығынан өз еркіне көндіруге әрекет жасамауы қажет. Адам қауымшыл, 
қоғам адамгершіл болғанда ғана екі жақтың мүдделері іске асып, үйлесімді дамуға 
жол ашылады. 
§ 15. Мазмұн және форма 
Келесі талдайтын категориялар - мазмұн және форма, өйткені біз болмысты 
талдауда әрі қарай тереңдей түсеміз. Мазмұнға зат, я болмаса құбылыстың барлық 
құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың касиеттері мен байланыстары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет