Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет551/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
616 
Біріншіден, жаңа заманның үрдістеріне сай мектептер мен жоғары және орта 
арнаулы оқу орындары компьютерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ел 
қандай қиын жағдайда болса да, жас мемлекет оған қаржы аяған жоқ. Көп оқу 
орындары «Интернет» жүйесіне қосылып, мектеп оқушылары мен студенттер 
дүниежүзілік ақпарат қорымен пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа заманға сай 
оқулықтар дайындалып, мультмедиалық білім беру әдістері алдыңғы шептегі 
мүғалімдердің күнбе-күнгі жүмысына айналды. 
Жоғары білім беру саласында жекеменшікке негізделген оқу орындары пайда 
болып, дами бастады. Әрине, бұл үлкен жүмыста асыра сілтеушілік де болды. Мұндай 
үрдіс басталған кезде, сол саланы басқарған кейбір шен иелері «көз қысты, бармақ 
басты» жолына түсіп, оңды-солды лицензиялар беріп, ешқандай материалдық базасы 
жоқ «университеттердің» ашылуына жол беріп қойды. Жоғары білім беру «жеңіл іске» 
айналды. Тұрпайы пайда табуға құныққан оқу-білім саласындағы «іскерлер» 
қаншама соларға сенген жастардың тағдырына өз кеселін тигізді! 
Бүгінгі таңда жағдай дұрысталуда. Үш бөлмелі пәтерді жалға алып, «университет 
ашқан» заман артта қалды. Дегенмен де бұл күрделі салада қиындықтар - әлі шаш 
етектен. 
Қай елде болмасын, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды. Біріншіден, заманның 
талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы соңғы технологияларға үйрету. 
Екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, 
азаматтық қасиеттерін шыңдау. Осы тұрғыдан алып карағанда, бұрынғы білім беру 
жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын. 
Сонымен қатар арнаулы кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету заман 
талабына көп жағдайда сай келмейтін. 
Енді жағдай керісінше орын алып отыр. Гуманитарлық білім беру жүйесі 
мейлінше кеміп, кәсіби білім беруге мейлінше көп көңіл бөлінуде. Тікелей батыс 
білім беру жүйесі сияқты. Мұндай асыра сілтеушілік «бір жақты» дамыған, тек өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет