Нуржігіт Алтынбеков 61
жалғандык сезімдері бар деген пікір айтады. «Осы сезімдердің негізінде адамды сүю,
әділеттілік, тану-білу қабілеті қалыптасады. Ал жамандық адамның табиғатынан, ия
болмаса Аспанның еркінен емес, өмірдегі тапшылықтан, аштық-жаналаштықтан
пайда болады», деген пікір айтады.
Мен-Цзы айтқан мына нақыл сөзге көңіл аударайық.. «Мен өмірді бағалаймын,
бірақ одан да қымбат - әділеттілік. Егер мен осы екеуін бірдей ұстай алмайтын
жағдайда болсам, онда мен әділеттілікті таңдар едім».
Мен-Цзы Кун-фу-цзының адамды сүю принципін әрі қарай дамытуға көп көңіл
бөледі. Біздің бүгінгі күннің ахуалына сай келетін мына нақыл сөздерді ойымызға
тоқиық. «Құрметті Ван! Біз неге тек қана пайда жөнінде сөйлесеміз? Мен тек
адамды сүю және парыз жөнінде айтқым келеді. Егер Ван мемлекеттің пайдасы
жөнінде айтса, онда құзыр иелері өзінің үйін қалай байыту керектігін ойлайды.
Қалғандары өз пайдасын қалай табу керектігін ойлайды. Мұндай жағдайда
жоғарыдағылар мен төмендегілердің арасында ұрыс-керіс басталып, мемлекетке қауіп
төнеді. Егер борыштан гөрі пайда табу басым болса, адамдар бірінікін-бірі тартады».
Сондықтан өкімет басындағылар қандай болса, халық та сондай. «Басшылар
жел сияқты, ал қарапайым халық шөпке ұқсайды. Қайда жел үрлесе, шөп сол жақка
майысады», - дейді Мен-Цзы. II ғ. б.з.д. заманда ресми мемлекет дініне айналып, Кун-
фу-цзы ілімінің негізгі кұндылықтары осы уақытқа дейін Қытай мемлекетінің
идеологиясының негізінде жатыр.
Фа-Цзя көне Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы Көне Қытай философиясының тағы да бір ерекше ағымы - ол фа-цзя мектебі («фа» - заң). Бұл ағым, негізінен алғанда, конфуциандық ілімге қарсы бағытталған
(әсіресе оның адам, мораль мәселелеріне)ілім.
Фа-Цзя мектебінің негізін қалаушы - Хань-Фэй-Цзы(280-233 б.ғ.д.). Ол өзінің
болмыс ілімінде Даоны бүкіл дүниедегі барлық нәрселердің табиғи заңы ретінде карады:
«Әрбір зат пен істің өзінің заңдары бар. Аспанның өз заңдылықтығы, ал адамдарды