Нуржігіт Алтынбеков 63
Елбасы бәріне самарқаулықпен қарап, еш нәрсе жасамауы керек. Оның күші -
ештеңені жасамауда. Сонда ғана ол өзінің жауларының пиғылын біледі.
Осы «Фа-цзя» мектебінін талаптарын үкіметтің саяси идеологиясына
айналдырып, Қытай императоры Цинь-Ши-Хуан өз елінде аса қатыгез басқару
жүйесін орнатқан болатын.
Сонымен Қытай халқы көбінесе моральдық жолмен тәрбиеленгенмен, «заңдық»
басқарудың да барлық қиыншылықтарын өз басынан өткізді. Соңында моральдық
тәрбиені заң жолымен қоғамдық қатынастарды ретке келтірумен ұштастырды.
Фа-цзя мектебінде ашылған саяси технологиялар (tесһnе -грек сөзі, өнер)
мыңдаған жылдар өткеннен кейін, тоталитарлық диктаторлық тәртіптер орнаған
жерлерде кеңінен пайдаланылды.
Мысалы, Сталиннің қудалауының негізінде миллиондаған адамдар оның құрбаны
болды. Оны біз әрқашанда өз есімізде сақтаймыз
.
Сонымен бірге көп адамдар сол
құрбандарды уақытында көрсеткен, соларды бір жағынан көре алмай, екінші
жағынан, біреуді көрсетіп өзінің өмірін сақтап қалуға тырысқан миллиондаған
адамдарды есімізден шығарып жібереміз. Ал бұл сұрқиялықтың өзі мемлекеттік
репрессиялық машинаның совет адамдарының жүрегіне тіпті адамдық емес,
«хайуандық қорқынышты» еңгізгендігінен болды. Сталиннің елді басқару
технологиясында да өзінің «құпиялығын» сақтауы, өз жанындағы мемлекеттік
қызметкерлердің арасына «алауыздықты», өзара сенбеушілікті енгізіп, олар
жөніндегі ақпарат жинау т.с.с. бәрі де «барлық уақыт пен халықтардың көсемінің» «фа-
цзя» философиясын жақсы игергенін көрсетеді.
Материалистік ағымдар Әрине, Қытай философиясында материалистік ағымдар да болды. Мысалы, «ци»
ұғымы Демокриттің «атом» ұғымымен тең, олар көзге көрінбейтін, әртүрлі салмақты
ұсақ бөлшектер. Мысалы, Сюнь-цзы (298-238 б.ғ.д.) Қытайдың «аспанға» табынуы
әдетіне қарсы шығып былай дейді: «Аспанға соқыр сенімдіктің негізінде табынғанша,