Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет587/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
653 
Байлык пен билікке ие болған үстем топтар мен езілген таптардың арасында 
қайшылыктар пайда болады. Жаңа дәуір дүниеге келген кезде бұл қайшылықтар әрі 
қарай өршіп, неше түрлі революцияларға әкеледі. Үстем таптар мемлекеттік билік 
арқылы өзін-өзі сақтап калу жолында төмендегі әлеуметтік топтардың әлеуметтік 
жағдайларын көтеруге тырысады. Машиналық өндірісті дамыту үшін жұмысшылардың 
білім деңгейін өсіру керек болды, сондықтан білім беру жүйесіне көбірек көңіл 
бөлінеді. Жергілікті мемлекет мекемелері жұмысшыларға, кем-тарларға арнап арзан 
баспана салуға кіріседі, денсаулык сақтау мәселелеріне көбірек көңіл бөліне бастайды 
т.с.с. 
Әлеуметтік мәселелердің нағыз түбегейлі шешу жолдарын Ресейде большевиктер 
үкімет басына келген кезде бастайды. Олар жеке меншікті жойып, бүкіл ұлттық 
байлықты, мемлекеттік қолға өткізіп, жоспарлы экономиканың негіздерін құрып, елді 
индустриялап, жаңа қалалар мен село кешендерін сальш, бүкіл халықты жұмыспен 
қамтамасыз етіп, ғылым мен техниканы, білім беру жүйесін дамытып, денсаулық 
сақтау, жастарды тәрбиелеу т.с.с. әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөледі. Әрине, бүл 
ауқымды төңкерісте зорлық-зомбылық, репрессиялар қолданылып, миллиондаған 
адамдар осы әлеуметтік жаңарудың құрбанына айналды. Мұндай әлеуметтік 
саладағы түбегейлі өзгерістер бүкіл дүниежүзілік қауымға зор әсерін тигізді. 
Сондықтан капиталистік елдер Кеңес Одағының жасаған әлеуметтік саладағы 
үлгілеріне сәйкес жауап беру үшін неше түрлі әлеуметтік бағдарламалар жасап, 
өмірге енгізе бастады. Екінші жағынан, жүздеген жылдардағы даму барысында 
корланған байлық, оларды тиімді түрде шешуге жол ашты. 
Дегенмен де Кеңес Одағындағы қалыптаскан тоталитарлық экономика 60-шы 
жылдардан бастап тоқырауға түсті. Оның негізгі себсбі экономиканың бір қолда ғана 
болып, монополизациялануы еді. Бәсекелік болмаған жерде экономика бір орында 
тұрақтанып калды. Тұрпайы теңеудің негізінде адамдардың белсенді еңбегі жойылды. 
Шынайы өмір идеологияға бағынбай, іштей шірушілік басталды. Партия және үкімет 
басындағылар мемлекеттік меншіктің шын қожайьндарына айналып, көп жағдайда өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет