Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет584/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
650 
адамзат тарихында Жаңа дәуір басталады. 
Осы уақыттан бастап Батыс цивилизациясы Шығысты экономикалық жағынан 
басып озып, кейіннен оларды отарлай бастайды. Неге осы уақытта Шығыста мұндай 
алға өрлеу басталмады деген сұрақ қойсақ, оған жауап беру оңай шаруа емес. 
Шамасы, оның негізгі себебін сонау көне заманда басталған Шығыс пен Батыстың, 
дүние мен өмірге деген көзқарастарының бөлінуінен, Шығыс елдеріндегі қауымдық 
өмір салтынан, ал Батыста жеке адамның белсенділігіне жол ашылғанынан көруге 
болатын сияқты. Ал оның өзі, әрине, айнала қоршаған ортаға бейімделуден шығады. 
Еуропа мен Азияның табиғаты мен ауа райын салыстырсак, әрине, Еуропада жеке 
адамның белсенді тұлға болып калыптасуына молырақ мүмкіндіктердің болғанын 
байқаймыз. Еуропада Қытай, я болмаса Үндістан еліндегі сияқты жүздеген мың 
адамдарды жинап, олардың басьн косып, үлкен каналдар, суды тоқтататын бөгеттер 
салынған жоқ-ты. 
Ал енді осы арада қайғы-қасіретке толы өз еліміздің тарихына тоқталсақ, онда 
Жаңа дәуірге дейін мыңдаған жылдар бойы көшпенділік шаруашылык түрі басым 
болды. Оның негізгі себебі де, әрине, сол қоршаған орта. 7 ай қысы бар, суға 
тапшы елде, мал бағу, соның жолында көшіп-қону ең тиімді шаруашылық түрі 
болды. Ал тарихқа, Жаңа дәуір келген кезде, бүкіл жер шарын дүр сілкіндірген 
көшпенділер, аянышты жағдайға душар болып, өз өмір салтыньң сарқылғанын 
байкады. Өйткені, садақ пен сойыл, біздің бабаларымыз қанша батыр болғанымен, 
винтовка мен зеңбірекке, әрине, қарсы тұра алмады. Осы уақыттан бастап бірнеше жүз 
жылға созылған халықтың трагедиясы, қайғы-қасіреті басталып та кетті. 
Жаңа дәуірдің экономика саласындағы негізгі ерекшеліктерінің бірі - адамдар заң 
жүзінде тең құқықты азаматтарға айналып, зорлап еңбек еткізу принципі келмеске 
кетеді. Сол себепті жеке адамның өмірге деген белсенділігі артып, жаңа қоғам 
өндіргіш күштерді бұрын-соңды болмаған биік дәрежеге көтереді. 300 жылдың 
шамасында өндіргіш күштер бұрынғы 5000 жылдағы жеткен дәрежеден асып 
түседі!!! Жүздеген жаңа қалалар, мыңдаған кәсіпорындар пайда болып, соның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет