Нуржігіт Алтынбеков 654
мүдделерін іске асыруға кірісті. Оларға арнаулы үйлер, санаторийлер, дүкендер,
емдеу орындары т.с.с. салынды, олар бірте-бірте үстем тапқа айнала бастады, халыққа
арналған әлеуметтік бағдарламалар орындалмай қорлана бастап, біршама
шиеленістерді тудырды. Бүл кайшылықтар ақырында Кеңес Одағының құрып, жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына әкелді.
Енді тәуелсіз мемлекеттердің алдында жаңа мақсат пайда болды - ол
тоталитарлық экономикадан бас тартып, нарыққа көшу, жеке меншікке жол ашу, елді
демократизациялап, ондаған жылдар қорланған әлеуметтік мәселелерді шешу еді. Өз
еліміздің жағдайына келер болсақ, ол аянышты болды. Өйткені Кеңес Одағы
заманында
ол
аграрлық-шикізат
өнімдерін
шығаратын,
басқа
одақтас
республикалардың, әсіресе Ресейдің экономикасымен тығыз байланып қалған ел
болатын. Сондықтан Ресейдің Думасындағы кейбір ұлтшыл депутаттар: «Олар бізге
қайтып оралады, өздері дербес мемлекет болып өмір сүре алмайды», - деген пікір
айтқан болатын. Мұндай ауыр жағдайда Елбасы Н.Назарбаев тапқырлық көрсетіп,
шетелдерден елге инвестициялар тартып, халқымыздың алған бостандығын сақтап
қалды. Бұл, әрине, қиын жылдар болды, кейбір кезде шетел компанияларымен теңсіз
шарттарға да тұруға мәжбұр болдық. Бүгінгі таңда, экономиканың өрлеу барысында,
әлеуметтік мәселелерді шешуге үкімет пен парламент аса кеп көңіл бөліп отыр.
Соған қарамастан, соңғы жылдардағы қорланған әлеуметтік мәселелер - шаш
етектен. Біздің ойымызша, оларды шешудің негізгі жолы осы уақытқа дейін
жүргізіліп келген либералдық-демократиялық саясатты бірте-бірте әлеуметтік-
демократиялық саясатқа ауыстыру болмақ. Реформа барысындағы рестратификация
(қоғамды қайта топтау) үрдісі жекешелендіру барысында тез арада пайда болған байлар
мен кедейлер тобын тудырды және олардың арасындағы айырмашылық сын
көтермейтін дәрежеге жетті. Оның сыртында тұлғалық қасиеттен айырылып, жаңа
өмірде өз орнын таба алмай, әлеуметтік аномияның (ауытқудың) әр түрлі жолдарына
(маскүнемдік, нашақорлық, қылмыстық т.с.с.) түсіп кеткен азаматтар қаншама?!
Қоғамның басын біріктіретін «орта тап» әлі әлсіз жағдайда. Арал мен Семей