Нуржігіт Алтынбеков 658
адамдардың саналы түрде жасаған келісімі арқылы құрылғаны жөнінде айтады.
Зорлық-зомбылық теориясы мемлекеттің тайпалардың арасындағы соғыс, зорлық
аркылы жеңілгендерді көндіріп, оларға салық салу арқылы пайда болғанын көрсетеді.
Маркстік теория өндіргіш күштердің тарихи даму негізінде жекеменшік пайда
болып, үстем таптар өз мүддесін қорғау барысында мемлекетті құрғаны жөнінде
айтады.
Әрине, мемлекеттің дүниеге келуі - өте күрделі құбылыс. Онда зорлық-
зомбылық та, келісім де болуы мүмкін. Бірақ негізгі фактор - тарихи жекеменшіктің
дүниеге келуі болса керек.
Енді мемлекеттің функцияларына (қызметіне) келер болсақ, оларды ішкі және
сыртқы деп екіге бөлуге болады. Ішкіге экономикалық (шаруашылық) мемлекеттің
іс-әрекетін жатқызуға болады. Ол негізінен заңдар арқылы шаруашылық
субъектілерінің белсенді іс-әрекеттеріне жағдай жасау, елдің негізгі шаруашылық
бағыттарын жоспарлау, шетелден инвестициялар (қаржы) тарту, кейбір шаруашылық
салаларына жеңілдік жасау т.с.с. арқылы жүреді.
Келесі – мәдени тәрбие жұмыстарын жүргізу (мектеп, жоғары оқу орындары,
ғылыми кешендер, клубтар, кино, театр, ақпарат тарату жүйелері аркылы т.с.с.).
Үшінші әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (кемтарларға, қарияларға,
жетімдерге, жастарға, жас аналарға т.с.с. көмек беру, білім мен денсаулық
салаларын дамыту, әртүрлі әлеуметтік топтарлың мүдделерін үйлестіріп дамыту т.с.с.
Төртінші - қоғам өміріндегі тәртіпті бақылау, азаматтардың қауіпсіздігін қадағалау,
әлеуметтік аномалиямен (ауытқулық) күресу.
Бесіншіден, жоғарыда көрсетілгендердің бәрі негізгі мемлекеттің мақсаты -
қоғамның бір тұтастығын қамтамасыз ету болмақ.
Енді мемлекеттің сыртқы істеріне келер болсақ, негізгі мәселе - қоғамның
экзистенциалдық (өмір сүру) мүдделерін камтамасыз ету (дербестік, ұлттық
қауіпсіздік, даму, сырттан қол сұғуға үзілді-кесілді тосқауыл кою т.с.с.).
Екіншіден, басқа елдермен өзара теңдік жэне тиімділіктің негізінде