Нуржігіт Алтынбеков 660
дәуірдің ақыл-ойы, ар-намысы, адамзаттың кұтқарушы т.с.с. мифологемалар) арылды.
Қарапайым адамдарды айтпай-ақ, алғашқыда бұрынғы қоғамның ішінен шыққан саяси
элитаның өзі-ақ «тез арада «Оңтүстік-Шығыс Азияның акулалары» сияқты гүлденген
елге айналамыз», «Біз Азияның барсы боламыз» деген романтикалық көзкараста
болды. Бірақ біржақты шикізат өндіруге бағытталған экономиканы қайта құру
қиындыктары,
дүниежүзілік
мұхитқа
шығу
арнасының
жоктығы
т.с.с.
«төмендегілер» мен «жоғарыдағылардың» тез арада мессиандық көзқарастардан
арылуына көмектесті.
Егер бұрынғы тоталитарлық қоғамда бүкіл билік партияның қолында болып,
оның қоғам өмірінде бакыламайтын нәрсесі қалмаса, бүгінгі мемлекет билігі,
адамдардың ынталы белсенді іс-эрекетін қолдап, аса көп төмендегі болып жатқан
үрдістерге қол сұқпайды.
Қайсыбір тоталитарлық мемлекеттің субъективті бағытталған мүдделері болады:
фашистік Германияда болған «арий нэсілінін мүдделері», Кеңес Одағындағы
«жұмысшы табының мүддесі» т.с.с. Бүгінгі мемлекет барлық әлеуметтік топтар, үлттар
мен ұлыстар өкілдерінің мүдделерін тең түрде қорғауға тырысады.
Егер
тоталитаризм
тұлғаны
тобырдың
ішіне
«сіңіріп»,
әлеуметтік
айырмашылықты жойып, дәстүрлі әлеуметтік байланыстарды үзуге тырысса, зиялы
авторитаризм, керісінше, халықты қайта топтап (рестратификация), ұлттык
қауымдастықтардың төл мәдениетін сақтап дамытуға, қазак халқының мэдениетін
қайта түлетіп гүлдетуге ат салысуда.
Егер тоталитарлық мемлекет экономика саласын катты бақылауға алып, тіпті
Кеңес Одағындай өз колына өткізіп жіберуге дейін барса, біздің жас мемлекет ұлттық
байлықтың пілдей бөлігін жекешелендіру арқылы халыққа таратты. Ал оның өзі - билік
пен ықпалдың біршама бөлігін үкіметтен алып қоғамға тарату деген сөз.
Қайсыбір тоталитарлық тәртіп халықты оқтын-оқтын репрессияға ұшыратып,
жүрегіне қоркыныш сезім ұялатады. Жас мемлекет өзінің күш кұрылымдарын
нығайтқанмен, саяси репрессиялардан үзілді-кесілді бас тартып, уакытында куғын-