Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет591/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
657 
ретке келтіріп, өмірде пайда болатын әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, 
қалыптасқан экономикалық, саяси тәртіпті корғайтын кұрылым. Оның негізгі 
ерекшеліктері: 
а) мемлекет арнаулы құрылған неше түрлі мекемелер мен ұйымдардан тұрады. 
Онда арнаулы дайындығы бар қызметкерлер (шенеуніктер) мемлекет атынан неше 
түрлі шешімдер дайындап оны іске асырады. 
в) мемлекет белгілі бір тарихи қалыптаскан жерді және сонда қоныс тепкен 
халықты біріктіріп, өз билігін жүргізеді. Мемлекеттің билігінен тыс қалатын ешбір 
топ, я болмаса жеке тұлға жоқ. Сонымен қатар Қазакстан мемлекеті Өзбекстанда, 
я болмаса Ресейдің жерінде өз билігін жүргізе алмайды. Оның билігі, тек қана өз 
елінде жүреді. Керісінше, ешбір басқа мемлекет біздің мемлекеттің шеңберінде өз 
билігін жүргізе алмайды. Ғылыми тілде оны мемлекеттің прерогативасы және 
суверенитеті дейді. с) мемлекеттік билік әркашанда заңдардың негізінде іске асуы 
керек. Ал қайсыбір заң санкцияларға (заңның талабын орындауға мәжбүр ету) 
негізделген. Олай болса, тек қана мемлекеттің заңның талабын орындамағандарға 
зорлық жасау құқы бар. Оны іске асыратын мемлекеттің арнаулы мекемелері (сот, 
полиция, армия, түрме, тергеу т.с.с.) . 
д) мемлекет болған жерде халыққа сальнатын салық та бар. Өйткені мемлекет 
қызметкерлерін, армия т.с.с. құрылымдарды қаржылай қамтамасыз ету керек. Оның 
сыртында қазіргі мемлекеттер көп әлеуметтік мәселелерді шешеді. Оған да қаражат 
керек. 
Мемлекет - өте көне құрылым. Оның дүниеге келуі жөнінде әдебиетте сан қилы 
болжамдар бар. 
Теологиялық қағидаларға 
келер 
болсақ, олар мемлекетті 
Қүдайдың 
шығармашылық жолдағы тудыруымен байланыстырады. 
Патриархалдық такырымдар мемлекетті ру, тайпа, фратрия-ның (туысқан 
тайпалардың бірігуі) жалғасы деп түсінеді. 
Қоғамдық келісім теориялары мемлекетті тарихтың белгілі бір сатысында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет