Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет603/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
670 
да адам қашпауы керек. Міне, бұл бүгінгі таңдағы Еуропа елдеріндегі материалдық 
тәндік-сезімдік өмір бағытының жасалған бастамасы еді. 
Жаңа Дәуірде бұл көзқарас әрі қарай дамып, рухты ең алдымен ақыл-парасат 
ретінде қарастыруға жол ашылады. Оған өз үлестерін қосқан Р.Декарт, Б.Спиноза, 
неміс классикалық философиясы, француз ағартушыларының өкілдерін жаткызуға 
болады. 
Л.Фейербахтың рух жөніндегі материалистік көзқарастарын жалғастыра келе, 
К.Маркс пен Ф.Энгельс рухтың қайнар көзін материяның өзіндік ішкі дамуға деген 
қабілетімен байланыстырады. Бірақ олар дүниеге келген рухтың сол өзін туғызған 
материяға керісінше ықпал тигізу мүмкіндігін теріске шығармайды. Өйткені болашақта 
дүниеге келетін коммунизмнің өзі - ақыл-ой, парасаттық, рухтың ең биік шыңы 
болмақ. 
Марксизмнен кейін Еуропа философиясында бейсаналық бағыт пайда болып, 
А.Шопенгауер адамзат ақыл-ойының мардымсыздығын көрсеткісі келеді. Оның 
ойынша, Дүниенің негізінде өз-өзін танымайтын, алдында мақсат-мұраты жоқ, не 
істерін білмейтін, бірақ өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрлігі бар Дүниежүзілік 
Ырықты жатқызады. Олай болса, ол адамның жүрегінен өтіп, оны бақытсыздық, 
зардапка итереді. Осы идеяларды әрі қарай дамыткан Ф.Ницше Дүниенің 
негізінде «билікке деген ырық» жатыр деген пікір айтады. 
Осы уақытта адамды рухқа теңеп, оның өмірінің терең қайшылықтарын 
зерттеген Дат философы С.Кьеркогер болды. «Адам - рух... Ол шексіздік пен 
шектелгендіктің, мәңгілік пен уақытшаның, қажеттілік пен еркіндіктің бірлігі». Осыған 
байланысты әрбір адамның ішкі өмірінде алаңдаушылық, белгісіз бір нәрседен 
үрейлену, қайшылық пайда болады. Ойшыл алғаш рет экзистенциалдық ұғымдарды 
ұсынып, оларды егжей-тегжейлі талдайды. Олар: үрей, қайғы, махаббат, түңілу, 
қорқу, сену, қалтырау т.с.с. Сонымен адамның рухани өмірі қайшылыққа толы, ол 
әрқашанда махаббат пен жек көру, қатыгездік пен мейірімділік, шындық пен алдау, 
күнә мен өкіну, өзімшілдік пен қайырымдылық, білімділік пен надандық, шаттық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет