Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет599/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
665 
Жоғарыда көрсетілген құндылықтарды өмірге еңгізудегі кұқық нормаларының 
орны ерекше. Жалпы алғанда, құқық деп біз әлеуметтік нормалар мен қарым-
қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, сондықтан олардың талаптары 
жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше түрлерін айтамыз. Олай дейтін себебіміз - 
қоғам өмірінде басқа да әлеуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық, 
эстетикалык т.с.с. Құқық құндылықтары - цивилизациялық даму деңгейінің 
туындысы, өйткені олардың өмір сүруі мемлекетпен тығыз байланысты. 
Негізінен, оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі - табиғи құқықтар. Олардың 
ішіндегі іргелі негізгі құндылық - адамның өмір сүруге деген құқы. Ешбір адам, 
қандай лауазымды болмасын, мекеме т.с.с. бүл кұқыққа қол сұға алмайды. Келесі 
кұқык - адам еріктігі, өйткені ол - тағы да оның рухани пенде ретіндегі тектік касиеті. 
Теңдік құкығы да осыларға жатады, өйткені барлық адамдар бүл дүниеге бірдей келіп, 
соңында кетеді. 
М.Вебердің айтуына қарағанда, табиғи құқықтар деп мемлекет қабылдайтын 
заңдарға қарсы қойылатын, олардан жоғары түрған әділетті құқыққтар жөніндегі 
түсініктерді айтуға болады. 
Теологиялық көзқарастар оларды Құдайдың даналығы мен еркі арқылы 
адамдарға берілген құқықтар деп есептейді. Мысалы, Орта ғасырда өмір сүрген 
А.Августин оларды кайсыбір қоғамдағы 
Тәртіптің негізінде жатқан, әділеттіліктің өлшемін құрайтын Құдайдың 
құдіретті күшінен туған «мәңгілік заң» ретінде қарайды. 
Рационалдық философия шеңберінде табиғи құқықтарды адамның 
парасатты ой-өрісінен шығарады. 
Кейбір ағымдар табиғи құқтарды адамның терең ішкі дүниесінде жатқан 
психикалық бастауларынан көреді. 
Қалай дегенде де, қазіргі өмір сүріп жаткдн мемлекеттердің қайсыбірі болмасын, 
адамның негізгі табиғи құқықтарын мойындайды. Сонымен катар құқық 
кұндылықтардын пілдей бөлігі мем-лекеттік заңдар аркылы берілген. Әдебиетте 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет