Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет605/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
672 
философия т.с.с. неше түрлі философиялық ағымдарда бейнеленді. Енді олардың 
кейбір идеяларына тоқталайық. 
Фрейдизмде еуропалық философияда ғасырлар бойы қалыптасқан ақыл-ойға
парасатқа негізделген қағидалардан үзілді-кесілді бас тарту басталады. Ақыл-ой 
емес, керісінше, адам өмірінде шешуші нәрсе - оның бейсаналық күңгірт 
инстинктері деген пікірге келіп, олардың ішінде жыныстық құштарлыкқа ерекше 
мән берілді. Соңғы адамның өзіндік санасына (Эго) зор әсерін тигізеді, сонымен 
қатар қоғамдық тәрбие барысында адамның санасына енгізілген әлеуметтік нормалар 
мен рухани құндылықтарға (Супер эго) қайшы келеді. Бұл қайшылық жыныстық күш-
қуаттың адамның шығармашылық еңбегіне сублимациялануы (өтуі) арқылы шешіледі. 
Қорыта келе, фрейдизм ағымы Еуропа руханиятына, оның әрі қарай құлдырауына 
зор ықпал жасады. Егер 18 ғ. өмір сүрген маркиз де Сад өз романдарында жыныстық 
мәселелердің күңгірт жақтарын алғаш көрсетіп, бірақ оны қоғамдық сана қабылдамай, 
ол өз өмірін Бастилия түрмесінде аяқтаса, XX ғ. фрейдизм қабылданып, 
ақырында 60-шы жж. ол «сексуалдық (жыныстық) революциямен» аяқталды.
Адамдардың жыныстық қатынастары жөнінде эротикалық (сұлу денеге құмарту)
және порнографиялық (жыныс қатынастарын ашық көрсету) фильмдер жасалып, 
кеңінен таралды. Ромео мен Джульеттаның махаббат үлгілері жайына қалды. 
Жыныстық ләззат алуға жеңіл жол ашылып, оның неше түрлі технологиялары 
кеңінен таратыла бастады. Тек сезімдік ләззат алуға бағытталған жыныстық кездейсоқ 
қатынастар терең махаббат жоқ жерде тез арада сарқылып, жаңа ләзаттарға 
итермелейді. Адам сезімі жұқара келе, күндердің бірінде сарқылып, оны трагедияға 
әкеледі. Бүгінгі таңда Батыс қоғамында көп әйелдер бала туа алмайтын ахуалға
келіп, лесбиандық (әйелдің әйелді сүюі), гомосексуалдық (еркектің еркекті сүюі) 
қатынастарға заң бойынша жол ашылып, «порножұлдыздар» өздерін Еуропарламентке 
депутаттыққа ұсынуда. Біздің ойымызша, бұл рухани дағдарыстың кейбір айқын 
айғақтары болса керек. 
Өкінішке қарай, бұл мәселелерге арналған Батыс масс-медиа туындылары бүгінгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет